ВЕРМИКУЛИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН СОРБЕНТТІҢ КВАНТТЫ-ХИМИЯЛЫҚ МОДЕЛІН ЕСЕПТЕУГЕ ШОЛУ
Қазіргі таңда ғаламның технологиялық дамуынан экологиялық мәселелер туындап жатыр. Су және жер қоймаларының ауыр және сирек металлдармен ластану аса алаңдатады. Бұл мәселелерді шешу үшін табиғи, биоыдырағыш сорбенттерді қолдану және оларды синтездеу химия ғалымдарының негізгі мақсаты. Табиғи, экологиялық зиянсыз, биоыдырағыш сорбенттерді көбіне табиғи минералдарды модификациялау арқылы алады. Бұл жұмыста вермикулит негізінде табиғи модификацияланған ион алмастырғыш алу және оның ауыр және сирек металдарды сорбциялау қасиетін зерттеу үшін квантты-химиялық есептеулер жүргізуге шолу жасау негізделген. Квантты-химиялық есептеулер Gaussian W09 және GaussView бағдарламалары арқылы жүзеге асыралады. Бұл бағдарламалар минерал мен модификацияланған ион алмасытырғыштың құрылымын салып және оны оптимизация жасау арқылы оның құрамындағы элементтер мен олардың арасындағы байланыс ұзындығы, байланыс бұрыштары туралы толық мәлімет алуға болады. Квантты-химиялық есептеулердің негізінде синтездеп алынған системаның электронды және спектрлік қасиеттерін зерттеуге мүмкіншілік береді. Кванттық механиканың ережелеріне сәйкес электронның ықтималды тығыздығы электронның толқындық функциясының квадратына қатысты есептелінеді. Электронның толқындық функциясын Шреденгердің теңдеуі негізінде есептелінеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP