SERIES CHEMISTRY AND TECHNOLOGY, 2025, № 1
ULMUS PUMILA ЖАПЫРАҚТАРЫНДАҒЫ ФЛАВОНОИДТАР МӨЛШЕРІН СПЕКТРОФОТОМЕТРЛІК ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ
Аннотация · Abstract
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде кездесетін биоактивті фитохимиялық компоненттердің болуы оларға емдік құндылық пен биологиялық белсенділік береді. Осы орайда химиялық қосылыстардың ішіндегі – флавоноидтар класының да адам ағзасына үшін маңызы зор. Флавоноидтардың бірқатар емдік қасиеттері бар, соның ішінде қатерлі ісікке, қабынуға, вирусқа безгекке қарсы әсерлерін, сонымен қатар сусамыр ауруын емдеу мүмкіндігіне де ие. Осы еңбекте Ulmus pumila жапырақтарындағы флавоноидтардың жиынтық мөлшерін спектрофотометрлік әдіспен зерттеу қарастырылған. Зерттеуіміздің бірінші кезеңінде өсімдік шикізатынан флавоноидтар жиынтығын экстракциялаудың оңтайлы жағдайларын зерттеу, сонымен қатар алюминий хлоридімен комплекс түзу реакциясының оңтайлы жағдайларын таңдау мен флавоноидтардың сандық мөлшерін анықтау әдістемесін жасау жұмыстары қарастырылды. Оңтайлы экстрагент ретінде 70%-тік этил спирті таңдалды. Оптикалық тығыздықты өлшеудің (λmax=399 нм) оңтайлы жағдайы: Vсығынды:VAICI3 = 5:2, комплекс түзілу ұзақтығы 40 минутты құрады. Зерттеудің екінші кезеңі алынған әдістеменің сызықтылық пен дұрыстылық көрсеткіштері бойынша валидация жасалынды. Әдістеменің дұрыстылық көрсеткішін анықтау барысында қалпына келтірудің орташа пайызы 81,92-97,11% арасында, бұл көрсеткіштің орташа мәні 89,81% екендігін көруге болады. Әдістеме қайта жаңарады, сенімді ықтималдылық 95% болған жағдайда, әдістің салыстырмалы қателігі 0,41% аспайды.
Сведения · Details
- DOI 10.32014/2025.2518-1491.263
- Журнал · Journal SERIES CHEMISTRY AND TECHNOLOGY
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0