КҮРДЕЛІ ФОСФОГУМАТТЫ МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШ АЛУ ПРОЦЕССІН ЗЕРТТЕУ
Ауылшарушылығы өсімдіктерін және оның өнімдерінің сапасы жер қыртысының құнарлығына және қолданылатын минералды тыңайтқыштардың сапасына байланысты. Онда фосфор, азот, гумат құрамды күрделі минералды тыңайтқыштардың алатын орны ерекше және оларды төмен сортты фосфатты шикізаттардан өңдеп алу өзекті мәселе. Қазіргі уақытта жоғары сапалы фосфор кенінің қорлары барлық кен орындарында іс жүзінде таусылған. Қазахстанда төмен сұрыпты фосфосфатты кендердің біріне Жанатас кенішінің фосфориттері жатады. Жанатас фосфориттері құрамына байланысты карбонатты болып келеді. Мұндай фосфоритті ыдыратқанда көмірқышқыл газының бөлінуіне байланысты үлкен көлемде көбіктің пайда болуы байқалады және айтарлықтай тыңайтқыштың өнімділігіне әсер етеді. Тыңайтқыштардың құндылығы олардағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен, заттардың сіңірімділігінің массалық үлестерімен өлшеніп өнімге әсер етеді. Өсімдіктердің нақты өсіп өнуіне органо-минералды тыңайтқыштар айтарлықтай әсер етеді. Ондай минералды тыңайтқыштарды құрамына гуматты қосылыстарды қосу арқылы өңдеп алуға болады. Органикалық заттар түрінде жоғары молекулалық органикалық қышқылдар, олар тек қана өсімдіктің өсуіне ғана емес, Р2О5-тің суда және цитратты еріткіште ретроградацияға түсуін төмендетеді. Жоғары тиімді күрделі минералды тыңайтқыштар өндірістік деңгейде шығарылып жатқан жоқ. Күрделі минералды тыңайтқыштарды өңдеу үшін осы бағытта зерттеулер жүргізілді және нәтижесінде Жанатас кенорнының төмен сапалы фосфатты шикізатын фосфор қышқылымен 540-560% шығындық мөлшерімен температура 95-1000С өңдеп монокальцийфосфат алынды және оның құрамындағы бос қышқылды аммиакпен бейтараптап натрий гуматын қосу арқылы P-N-Ca-Гум құрамды күрделі минералды тыңайтқыш алынатындығы және оның тиімді көрсеткіштері анықталды. МКФ:Гум қатынасын 1:0 ден 1:0,8 аралығында өзгерткенде МКФ біртіндеп кальций гуматына өтетіндігі анықталды. Өңдеп алынған мұндай P-N-Ca-Гум құрамды күрделі минералды тыңайтқыш өсімдіктердің өсуіне және өнімнің сапасына айтарлықтай әсер етеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP