ЦЕМЕНТ ӨНЕРКƏСІБІ ҮШІН ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ ҚОРҒАСЫН ҚОЖЫН ӨҢДЕУ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ
Ғылыми мақалада цемент өнеркәсібі үшін қорғасын қожын өңдеу қалдықтарын шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігін физика-химиялық әдістермен зерттеу нәтижелері көрсетілген. Зерттеу жұмыстары заманауи BRUKER S8 TIGER, JEOL JSM-6490LV сканерлейтін электронды микроскоп және Shimadzu IR Prestige-21 спектрометр құрал-жабдықтардың көмегімен жасалды. ЖШС «Standard Steel KZ» қорғасын қожын қайта өңдеуден қалған қалдықтарды рентгендік флуоресценциялық, растрлы электронды микроскопиялық және ИҚ спектроскопиялық талдау әдістері қолданылды. Рентгендік флуоресценциялық спектрометрия әдісімен зерттеу нәтижесінде қорғасын қожын өңдеуден қалған қалдықтардың химиялық құрамында: SiO2 – 23,58 %, Al2O3 – 5,2 %, Fe2O3 – 32,04 %, СаО – 14,99 %, MgO – 3,12 %; SO3 – 1,91 %; Na2O – 1,95 %; K2O – 1,12 %; CuO – 0,42 %; PbO – 0,05 %; ZnO – 3,02 %; күйдіру кезіндегі жоғалу – 9,10 % және басқа ауыр металлдар: Mn3O4 – 0,65 %; SrO – 0,18 %; Cr2O3 – 0,07 %; BaO – 2,02 %; TiO2 – 0,37 %; P2O5 – 0,21 % анықталды. Расторлы электронды микроскопиялық талдау нәтижесінде қалдықтардың құрамында геденбергит (CaFeSi2O6), фаялит (Fe2SiO4), псевдоволластонит (CaSiO3), магнетит (Fe3O4), гематит (Fe2O3) және мырыш оксиді (ZnO) минералдары анықталды. Қорғасын қожын өңдеуден қалған қалдықтардың құрамында кездесетін силикатты және алюмосиликатты фазалардың, функционалдық топтар мен екінші реттік минералдардың 3900–500 см-1 диапазонында түзілгендігі дәлелденді. Нәтижесінде жүргізілген физика-химиялық зерттеу нәтижесінде портландцемент клинкерін алу үшін қорғасын қожын өңдеуден қалған қалдықтарды әлеуетті темір рудасын алмастырушы шикізат ретінде пайдалануға жарамды екендігі дәлелденді.
Сведения
- Журнал
- REPORTS
- Опубликовано
- 2025 · Т. 4, № 356
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5227 · 2518-1483
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP