Central AsianResearch Index

СІЛТІЛІ МЕТАЛЛ ИОДИДТЕРІНІҢ КРИСТАЛДАРЫМЕН КӨМІРТЕК ҚАБАТЫНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК ҚАСИЕТТЕРІН КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ

Мақалада NaI, KI, RbI және LiI сияқты сілтілі галоидты кристалдармен модификацияланған көміртек қабатының электрондық қасиеттерін модельдеу мәселесі қарастырылады. Atomistix ToolKit бағдарламалық ортасында тығыздық функционалы әдісі арқылы спектрдің күй тығыздығы, Ферми деңгейі және зоналық құрылымындағы өзгерістерді зерттеуге бағытталған бірқатар есептеулер жүргізілді. Модельдеу нәтижелері сілтілі металдар мен галоген иондарын енгізу графен торының симметриясын локалды түрде бұзып, өткізгіштік және валенттік зоналар маңында жаңа энергетикалық деңгейлердің пайда болуына әкелетінін көрсетті. Бұл графеннің электрондық қасиеттерін химиялық түрлендіру арқылы басқаруға болатынын, оның ішінде тыйым салынған зонаның ашылу мүмкіндігін білдіреді, бұл аталған құрылымдарды наноэлектроника мен сенсорикада қолдануға перспективалы етеді. Ұсынылған нәтижелер функционалды жаңа материалдарды жасау бойынша заманауи ғылыми бағыттарға сай келеді және графеннің сыртқы әсерлерге – легірлеу мен беттік адсорбцияға – жоғары сезімталдығын дәлелдейді.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2025 · № 3
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP