Central AsianResearch Index

ГАЗ ХРОМАТОГРАФИЯ–МАСС–СПЕКТРОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН PHRAGMITES COMMUNIS ӨСІМДІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Кәдімгі қамыс (Phragmites communis) өсімдігінің бактерицидтік, антисептикалық, қабынуға қарсы, жараларды емдейтін және гемостатикалық қасиеттері белгілі. Жас өсімдіктің жерүсті бөлігінде маңызды аминқышқылдары, флавоноидтар, көп мөлшерде аскорбин қышқылы, А дәрумені, целлюлоза бар. Құрамында дәрумендер мен биологиялық белсенді заттардың жоғары пайызда болуына байланысты өсімдікті дәстүрлі медицинада кеңінен қолданылады. Бұл мақалада Phragmites communis өсімдігіне газ хроматография-масс-спектрометрия әдісінің көмегімен химиялық компоненттеріне талдау жүргізілді. Өсімдік құрамындағы қосылыстар негізінеде көмірсутектер, қышқылдар, эфирлер, алкандар, фенолдық қосылыстар, гетероциклдер мен циклоалкандар түрінде кездесті. Сығынды құрамының жоғары мөлшерде алкандар: нонадекан (31,0281%) мен 8-гексилпентадекан (24,6364%) кездескен. Пайыздық мөлшері 1%-ды құрамайтын қосылыстар қатарында гептен-2 (0,7127%); тридекан (0,8231%); додекан қышқылы (0,5841%); 6,10,14-триметилпентадеканон-2 (0,6667%); 14-метилпентадекан қышқылының метил эфирі (0,6586%); н-гексадекан қышқылының этил эфирі (0,9550%); метил-9,10-метилен-октадек-9-еноат (0,5827%); гептадекан (0,6843%); 1,2-бензолдикарбон қышқылының моно(2-этилгексил) эфирі (0,6108%) және гептакозанол-1 (0,6341%) табылды. Жұмыста бұл өсімдіктің құрамындағы фитоқосылыстардың денсаулыққа тигізетін пайдасы, негізгі химиялық заттардың биологиялық белсенділігі талқыланады. Мысалы нонадекан - эфир майларында кездесетін ұзын тізбекті алкандар, бұл қосылыстар ісікке қарсы және микробқа қарсы белсенділікке ие. Ал тридекан, гептадекан, додекан қышқылы және т.б зерттеулер көрсеткендей бұл қосылыстар антиоксиданттық, антибактериалды және қабынуға қарсы белсенділіктерге ие. Зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер кәдімгі қамыс (Phragmites communis) өсімдігінің фармацевтикалық, медициналық және экологиялық қолданылу әлеуетін бағалауға негіз бола алады.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2025 · № 2
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP