Central AsianResearch Index

ULMUS PUMILA ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ

Бұл мақалада Алматы облысының Қарасай ауданының таулы бөктерінде жиналған Ulmus pumila (қарағаш) өсімдігінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Өсімдіктің сапалық көрсеткіштері анықталды: шикізат ылғалдылығы – 6,7 %, күлділігі – 5,9 %, экстрактивті заттар мөлшері 90% этанолда – 18,60 %, 70% этанолда – 15,73 %, 50% этанолда – 13,4 % құрады. Экстрактивті заттарды бөліп алу үшін оптималды экстрагент ретінде этанол (90 %) алынды. Фитохимиялық талдау нәтижесінде U. pumila жапырақтарында флавоноидтар (3,84 %), тері илегіш заттар (2,42 %), сапониндер (1,93 %) басым болатыны анықталды. Сонымен қатар, қанықпаған қышқылдар, кумариндер, крахмал, фенолды қосылыстар, амин қышқылдары, кетозалар мен аз мөлшерде каротиноидтар табылды. Атомды-абсорбциялық спектроскопия әдісі арқылы шикізат күлінің құрамында 8 элемент анықталып, олардың ішінде кальций (Ca – 967,110 мкг/мл), темір (Fe – 40,0775 мкг/мл), марганец (Mn – 5,3291 мкг/мл) және мырыш (Zn – 4,5009 мкг/мл) үлестері басым болды. ГХ-МС сараптама нәтижелері бойынша U. pumila этилацетатты экстракт құрамында фенолды қосылыстар, терпендер, май қышқылдары, күрделі эфирлер және т.б. бар екендігі анықталды. Пайыздық мөлшері бойынша 9,12,15-Octadecatrienoic acid, (Z,Z,Z)- (19,88 %), Lup-20(29)-en-3-ol, acetate, (3β) (10,36 %) , Dibutyl phthalate (10,10 %) қосылыстары басым болды. Биоскрининг нәтижесі бойынша Қарағаш этилацетат сығындысы S. aureus, E. coli, P. aeruginosa бактериялар штамдарына қарсы биологиялық белсенділік көрсетті, C. albicans қатысты фунгицидтік белсенділік байқалмады. U.pumila спирт сығындысының бидай тұқымдарының өсу энергиясы мен өңгіштігіне әсері бақылаудын алғашқы күнінен бастап тұқымдардың 100% өнуі мен өскіндердің өсу энергиясы эталонмен салыстырғанда әлде қайда жоғары болғаны айқындалды. Алынған нәтижелер U. pumila өсімдігінің медициналық және ауыл шаруашылығы мақсаттарында қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2025 · № 2
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP