Central AsianResearch Index

КҮРДЕЛІ ОКСИДЕР (LaNbO4) МЕН ҚҰЙМАЛАРДЫҢ (NiCoOx, СuCoOx, NiCuOx) НЕГІЗІНДЕГІ НАНОКОМПОЗИТТЕРДІ СИНТЕЗДЕУ ЖӘНЕ ПРОТОНӨТКІЗГІШТІГІН ЗЕРТТЕУ

Мақалада күрделі оксидтер (La0.99Ca0.01NbO4) мен құймалардың (NiCoOx, СuCoOx, NiCuOx) қатысуымен ультрадыбыстық диспергилеу әдісімен алғаш рет жаңа нанокомпозиттер синтезделді. Алынған нанокомпозиттердің құрылымдық және протонөткізгіштік қасиеттері физика-химиялық әдістермен зерттелді. La0,99Ca0,01NbO4+NiCuOx және La0,99Ca0,01NbO4+CoCuOx үлгілерінің жалпы электр өткізгіштігі (ылғалды қалпына келтіретін атмосферада өлшенгенде) жоғары және 102 -103 См/см диапазонында металдық сипатқа ие болатындығы анықталды. Лантан ортонобибаттары (LaNbO4) мен құймалардың (NiCoOx, СuCoOx, NiCuOx) негізіндегі нанокомпозиттер сутегі бөлгіш мембраналар үшін, әртүрлі электрохимиялық құрылғыларда (отын элементтері, сутегі сепараторлары мен датчиктер және т.б.) пайдалану мүмкіндігіне байланысты перспективалы композиттер болып табылатындыңы анықталды.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2025 · № 2
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP