Central AsianResearch Index

F (τ) -ТЕЛЕПАРАЛЛЕЛЬ ГРАВИТАЦИЯСЫНДАҒЫ АНИЗОТРОПТЫ КОМПАКТТЫ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

Бұл мақалада f (τ) - телепараллель гравитациясының анизотропты компактты жұлдыздардың эволюциясының динамикасы зерттеледі. F (τ) - модификацияланған гравитация теориясында өріс теңдеуін алу үшін гравитациялық әсер анықталуы қажет. Қозғалыс теңдеулерін құру үшін әсер тетрада өрісі бойынша түрлендіріледі. Телепараллель гравитацияның негізі тетрада мен ширату тензорының сипаттамасымен ұсынылды. Содан кейін F(T) - телепараллель гравитация өрісінің теңдеулері тетрада өрісін ауыстырып, ширату скалярын және оның туындысын енгізу арқылы алынды. Әрі қарай, F(T) - телепараллель гравитация өрісінің теңдеулері анизотропия функциясына арналған физикалық анзацтар арқылы шешілді. Анизотропияның әсері ширату параметрінің артуымен массасы 2.5 М⊙ асатын жұлдыздарды түсіндіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жұлдыздың физикалық шамаларын зерттейтін энергия тығыздығын, радиалды және тангенциалды қысымды қамтитын нақты шешімдер алынды. Алынған нақты шешімдерді пайдалана отырып, график тұрғызылды және модельдің физикалық заңдылықтарға сәйкес келетіндігі көрсетілді. Компактты объектілердің ұсынылған модельдерінің физикалық жарамдылығын тексеруде маңызды рөл атқаратын энергетикалық шарттар қарастырылды. Нөлдік, әлсіз, күшті және басым энергетикалық шарттар үшін энергия тығыздығының, радиалды және тангенциалды қысымның радиусқа тәуелді таралуы графиктер арқылы көрсетілді. Толман-Оппенгеймер-Волков теңдеуі көмегімен компактты жұлдыздардағы гидростатикалық тепе-теңдік сипатталады, ол заттың ішкі қысымы мен гравитациялық тартылыс арасындағы тепе-теңдікті көрсетеді, гравитациялық коллапсты болдырмайды. Жұмысты орындау барысында гравитациялық күш, гидростатикалық күш, анизотроптық және электрлік күш сияқты күштерге тәуелді анизотропты компактты жұлдыздың тұрақтылық графиктері алынып, талданды.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2025 · № 2
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP