ПОРТЛАНДЦЕМЕНТ АЛУ ҮШІН АЛТЫН КЕНІН ӨҢДЕУДЕН АЛЫНҒАН ҮЙІНДІ ШАЙМАЛАУ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ
Ғылыми мақалада алтыны бар кендерді өңдеуден алынған үйінді шаймалау қалдықтарды физика-химиялық әдістермен зерттеудегі нәтижелер көрсетілген. Зерттеулер заманауи оптика-эмиссиялық спектрометрде, рентген-флуоресцентті спектрометрде, рентгендік дифрактометрде, дифференциалды-термиялық дериватографта және растрлы электронды микроскоптың көмегімен орындалды. Атомдық-эмиссиялық спектрометрия әдісімен өлшеу нәтижесінде үйінді шаймалау қалдығының құрамы, %: SiO2 - 73,15; Al2O3 - 13,18; Fe2O3 - 5,55; CaO - 1,19; MgO - 1,52; SO3 - 0,15; Na2O - 1,51; K2O - 2,58; CuO - 0,19; PbO - 0,04; ZnO - 0,04; MnO - 0,3; NiO – 0,003; CoO – 0,003; As2O3 – 0,013; SnO – 0,071; SeO – 0,094; MoO – 0,416 болды. Рентгендік құрылымдық талдауда қалдық құрамынан кварц, периклаз, иллит және лангит минералдарының дифракциялық максимумдары анықталды. Дифференциалды термиялық талдау нәтижесінде үйінді шаймалау қалдықтарды жоғары 1000-1050 ℃ температурада термиялық өңдеу олардың құрамындағы улы заттарды (цианидтерді) жоюға, қалдық құрамын тұрақтандыруға және оларды қауіпсіз етуге мүмкіндік берді. Расторлы электронды микроскопиялық талдау нәтижесінде қалдық құрамындағы фазалар кварц 0,1-0,6 мм, сазды минерал иллит 0,1-0,2 мм өлшемде анықталды. Нәтижесінде портландцемент алу үшін құрамында алтыны бар кендерді өңдеуден алынған үйінді шаймалау қалдықтарды пайдаланудың әлеуеттік мүмкіндігі бар екендігі дәлелденді.
Сведения
- Журнал
- REPORTS
- Опубликовано
- 2025 · № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5227 · 2518-1483
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP