Central AsianResearch Index

ELAEAGNUS ANGUSTIFOLIA ЖЕМІСТЕРІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ

Дәстүрлі медицинада тар жапырақты жиде (Elaeagnus angustifolia) демікпе, диарея, қызба, метеоризм, сарыауру, жүрек айнуы, сіреспе, зәр шығару жолдарының аурулары мен құсуды басу үшін қолданылады. Әдеби шолудан гүлдерінен эфир майы алынып, оның химиялық құрамы зерттелгені айтылады. Жемістерінен алынған сулы сығындылар анальгетикалық әсерге ие, өсімдіктің жер үсті бөлігінен алынған сығындылар зең мен бактерияға қарсы белсенділік көрсететіні зерттелген. Жұмыстың мақсаты газ хроматография-масс-спектрометрия әдісінің көмегімен аталмыш өсімдіктің жемісінің липофильді қосылыстарына талдау жүргізу болып табылады.. Өсімдіктің екіншілік метаболиттерінің түрлі тобтарына жататын дәрумендер, көмірсутектер, май қышқылдары, күрделі эфирлер мен стеролдар табылды. Сығынды құрамының жоғары мөлшерде DL-a-токоферол (39,6325%), стигмастерол (17,1564%) және октакозан (9,8456%) кездескен. Аз мөлшерде мына күрделі эфирлер - фтал қышқылының изобутилпропил эфирі (0,9129%), гептадекан қышқылының этил эфирі (0,9430%), гексадекан қышқылының этил эфирі (0,8965%) кездескен. Сығынды құрамындағы барлық қосылыстар белгілі бір биологиялық белсенділікке ие. Мысалы сығынды құрамындағы токоферол сүтқоректілер мен адам үшін тағамның пайдалы компоненті болып табылады. Бұл дәруменнің жетіспеуі дененің шаршауы, бұлшықет дистрофиясына әкелетіндігі белгілі. Ал стигмастерол ісікке, остеоартритке, қабынуға, сусамыр, паразитке, саңырауқұлаққа, бактерияға қарсы, сонымен қатар иммуномодуляциялық, антиоксиданттық және нейропротекторлық қасиеттер сияқты күшті фармакологиялық әсерлерді көрсетеді. Зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер Elaeagnus angustifolia жемісінің фармацевтикалық және медициналық қолданылу әлеуетін бағалауға негіз бола алады.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2025 · № 1
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP