ЖІТІҚАРА КЕНОРНЫНЫҢ НЕМАЛИТҚҰРАМДАС ХРИЗОТИЛ-АСБЕСТІН РЕНТГЕНОФАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕРМОАНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жітіқара кенорнында (Қазақстан, Қостанай облысы) өндірілетін хризотилді шикізат кенін өндіру барысында жолай, қосымша ретінде тау жынысынан бөлініп алынатын немалит-серпентинит минералынының қолдану және кәдеге жарату мақсатында оларға рентгенографикалық және термоаналитикалық зерттеулері жүргізілді. Зерттеуде, аталған кенорнының тау жынысынан бөлініп алынған немалитқұрамдас хризотил-асбест құрамы қара, сұр және ақ түстес қатты минералдардан тұратыны және олар негізінен бруситтік (немалит) және серпентиниттік (хризотилдік) құрамдас бөліктерінің арақатынасы бойынша бір-бірінен ерекшелінетіні анықталған. Немалитқұрамдас хризотил-асбест құрамы ренгенофазалық, SЕМ-талдау және термиялық талдау әдістерімен зерттеліп, орташа сұрыпталған немалитқұрамдас хризотил-асбесттің, сонымен қатар олардың құрамында кездесетін қара, сұр және ақ бөліктерінің минералдық құрамдары анықталды. Рентгендік дифракция және термоаналитикалық зерттеулер тау жыныстарында қара түсті минералдар көп болса, онда серпентиниттік (хризотилдік) компонент басым болатындығы, сұр және ақ құрамдас минералдарда бруситтік (немалит) құрамдас компонентінің көп болатындығы көрсетілді. Зерттеу нәтижелері орташа сұрыпталған немалитқұрамдас хризотил-асбестті тау жынысы массалық %-бен: 40-43 – брусит (немалит), 40-43 – серпентинит және 10-19 – темір (II) гидроксидінен тұратындығы анықталды.
Сведения
- Журнал
- REPORTS
- Опубликовано
- 2025 · № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5227 · 2518-1483
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP