Central AsianResearch Index

ДЕФЛЕКТОРЛЫҚ ПЛАСТИНАЛАР МЕН ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАЛҒАН ЭКРАН АРАСЫНДАҒЫ ШЕТТІК ӨРІСТІҢ ЭЛЕКТРОСТАТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Бұл шолу мақаласында комплекс айнымалы функциялар теориясының әдістерін қолдана отырып, жерге тұйықталған экрандары бар дефлекторлық пластиналардың шеттік өрісі қарастырылды. Осының негізінде шеттік өрістердің әсерін егжей-тегжейлі талдау үшін скалярлық потенциалдың аналитикалық өрнегін алу мүмкін болды. Жерге тұйықталған экрандар дефлекторлық пластиналарда шеттік электр өрісін локализациялайтыны және бұл өз кезегінде басқарылмайтын электр өрістерінің әсерін азайтатындығы анықталды. Жерге тұйықталған экрандардың ұзындығы пластиналардың d ара қашықтығындай болады немесе нақты жүйеде олардың қашықтығы 3d немесе 2d болуы да мүмкін. Сонымен қатар, шеттік өрістердің бір-біріне әсерін ескеретін потенциалдың нақты өрнектері жерге тұйықталған экрандары бар өте қысқа дефлекторлық пластиналардың шеттік өрісінің табиғатын зерттеуге мүмкіндік берді. Жұмыста сондай-ақ дефлекторлық пластиналардағы электр заряды мен зарядтың беттік тығыздығының формуласы қарастырылды. Шеттік әсерлерді ескере отырып, дефлекторлық пластиналардың сыйымдылығына арналған өрнек табылды. Ол жазық конденсатордың сыйымдылығының формуласына сәйкес келеді. Алынған аналитикалық өрнектер бойынша шеттік өрістің графикалық суреті тұрғызылды. Жерге тұйықталған экраны бар дефлекторлық пластиналардың шеттік өрісінің суретінен экрандар шекарасынан қашықтықта өрісті біртекті өріс деуге болады.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2025 · № 1
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP