Central AsianResearch Index

КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫНЫ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

Мақалада тіл үйренушілердің сөйлеу дағдысын нейролингвистикалық тәсілдер арқылы дамыту мәселесі қарастырылды. Қазіргі білім беру үдерісінде оқушының сөйлеу дағдысы коммуникативтік құзыреттілікке негізделген тілдік және тұлғалық пікір- түйіндерді қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеу әрекетін меңгеруге бағытталған инновациялық әдістерді, оның ішінде нейролингвистикалық тәсілдерді тиімді қолдану өзекті мәселе екені даусыз. Зерттеу сапалық парадигмаға негізделген. Мақалада педагогикалық бақылау, оқушы рефлексиясы, мұғалімнің сипаттамалық жазбалары және сөйлесім әрекетінің сараптамалары теориялық және практикалық жағынан дәйектеледі. Сабақта визуалды, жағдаяттық, ассоциативті және интонациялық жаттығулар мен тапсырмаларды орындаудың жолдары баяндалады. Нейролингвистикалық тәсілдерді қолдану оқушылардың тілдік дағдысын, қарым-қатынас мотивациясын, эмоциялық еркіндігін, интонациялық икемділігін және лексикалық белсенділігін арттырып, еркін пікірлесуге, әңгімелесуге, тілдесуге \общение\ жетелейді, Сөйлесім әрекеті оқушылардың өзіне деген тұлғалық сенімділігін күшейтіп, креативтік ойлау қабілетін шыңдайды. Жұмыста білім алушының сөйлеу қабілетін дамытуға арналған әдістемелік ұсыныстар мен қорытынды нәтижелер берілді. Мақала тілді оқытудың коммуникативтік, когнитивтік және нейропедагогикалық салаларын практикамен ұштастыруға бағытталды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 416, № 4
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP