LESSON STUDY АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ
Білім беру үдерісіндегі негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан олардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, оның шеңберінде мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеу, инновациялық және тиімді идеялармен алмасуға жағдай жасау маңызды болып табылады. Өйткені ынтымақтастық негізінде оқыту мен оқуда қолданылатын әдістер мен технологиялардың әсері күшейеді. Бүгінде жаһандану жағдайында заманауи сабақ арқылы білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін Lesson study тәсілі оңтайлы жағдай жасауға көмектеседі. Lesson Study оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтуға болады. Бұл тәсіл оқушыларға бағдарламаны сапалы меңгертуді қамтамасыз етуге, мұғалімдердің оқыту мен оқудың құралдары мен әдістерін бірлесіп іздестіруге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты Lesson Study тәсілінің мәнін зерделеу негізінде, оны оқу үдерісінде қолданып, білім алушылардың сабақ үлгерімін жақсарту мен мұғалімнің шеберлігін арттыру. Зерттеу жұмысы 5-9 сыныптар арасында 2023-2024 оқу жылында жүргізілді. Сабақты зерттеу іс-әрекеті (нәтижелерді жинау, сабақ үзінділерін фото-бейне түсіру) бір сыныпта және топта жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдері арасында жүргізіліп, тәжірибелі және жас мұғалімдерді біріктірді. Олар тізбектелген сабақтарды бірлесіп жоспарлады, бақылап, талдады. Зерттеу барысында сауалнама, сұхбат, бақылау парақтары, кері байланыс, рефлексия секілді сапалық және сандық әдістері қолданылып, олардың нәтижелеріне талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінің қорытындысы Lesson Study әдісінің тиімді тәсіл ретінде, сабақты тыңғылықты зерттеуге, оқушылардың тілдік дағдыларын, сабақ үлгерімін жақсартуға және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі мен лингводидактикалық құзіреттілігін дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Зерттеу нәтижелері мұғалімдерді Lesson Study әдісі арқылы тәжірибелерін одан әрі жетілдіруде қызықтыруы мүмкін және білім алушылардың лингвистикалық және коммуникативті құзыреттілігін дамытуға көмектеседі.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 416, № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP