ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Заманауи білім беру цифрландыру мен инновациялық технологияларды, әсіресе жоғары оқу орындарында енгізуге көбірек көңіл бөлуде. Қазіргі таңдағы бағыттардың бірі – геймификацияны педагогикалық технология ретінде білім алушының ынтасын арттыруға және олардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге ықпал ету. Бұл зерттеуде геймификацияның теориялық негіздері, оның ойын ойнау әдістерінің басқа түрлерінен айырмашылығы, сонымен қатар химияны оқытуға цифрлық технологияларды енгізу мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеуді жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: ғылыми әдебиеттер мен нормативтік құжаттардың аналитикалық әдістері; сауалнама; педагогикалық эксперимент; талдау және жалпылау. Зерттеудің мақсаты – геймификацияға негізделген цифрлық құралдарды қолданудың педагогикалық тиімділігін талдау және оларды оқу тәжірибесінде пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін негіздеу. Зерттеу болжамы: егер химия пәнін оқыту үдерісіне геймификация элементтеріне негізделген цифрлық технологиялар ғылыми-әдістемелік тұрғыда дұрыс таңдалып, жүйелі түрде енгізілсе, онда бұл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға, оқу мотивациясын күшейтуге және оқу нәтижелерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Педагогикалық эксперимент аясында студенттердің аналитикалық ойлауын дамытуға, пәндік мотивациясын және аналитикалық химия бойынша теориялық білімді меңгеруге бағытталған «Ионды тап» цифрлық ойыны сынақтан өтті. Тиімділік Лайкерт шкаласы бойынша экспериментке дейін және кейін студенттерден сауалнама жүргізу негізінде бағаланды. Сауалнама Google Forms қызметі мен WhatsApp мессенджері арқылы онлайн режимінде жүргізілді. Нәтижелер эксперименттік топта оң динамика көрсетті: мотивация деңгейі жоғары студенттер саны өсті, ал төменгі деңгей көрсеткіштері төмендеді. Осылайша, химияны оқытуға геймификацияланған цифрлық технологияларды енгізуді ЖОО-дағы оқу үдерісін жаңғыртудың перспективті бағыты ретінде қарастыруға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 416, № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP