Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ

Қазіргі таңда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып, оқыту процесін жетілдірудің тиімді құралына айналуда. Әсіресе болашақ информатика мұғалімдерін даярлау барысында ЖИ технологияларын қолдану олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Цифрлық ортада жұмыс істеуге бейімделу, дербес оқу траекториясын қалыптастыру, күрделі ақпараттық процестерді басқару сынды дағдыларды дамытуда ЖИ құралдарының әлеуеті зор. Осы мақалада болашақ информатика мұғалімдерін даярлау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың тиімділігі жан-жақты зерттелді. Зерттеу мақсаты – болашақ информатика мұғалімдерін даярлау үдерісінде жасанды интеллектінің білім берудегі рөлін анықтау және осы технологияларды оқу процесіне тиімді интеграциялаудың әдістемелік негіздерін ұсыну. Зерттеу барысында салыстырмалы педагогикалық эксперимент әдісі қолданылды. Экспериментке жоғары оқу орнында оқитын информатика мамандығының студенттері қатыстырылып, олар екі топқа бөлінді: бақылау тобы дәстүрлі оқыту форматында (силлабус негізінде), ал эксперименттік топ ЖИ технологияларын (ChatGPT, Grok, GigaChat және т.б.) қолдану арқылы оқытылды. Бұл әдіс педагогикада «эксперименттік және бақылау топтарын салыстыра зерттеу» ретінде танылады. Оқыту процесінен бұрын және кейін студенттерге сауалнама жүргізілді (pre-test және post-test форматында), оның нәтижелері арқылы студенттердің ЖИ технологияларына деген көзқарастары, оларды оқытуда қолдану тиімділігіне берген бағасы мен қажеттіліктері анықталды. Жиналған мәліметтердің ішкі біртұтастығы мен сенімділігі Кронбах Альфа коэффициенті арқылы тексерілді. Эксперимент қорытындысы ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне тиімді интеграциялау болашақ мұғалімдердің пәнді терең меңгеруіне, рефлексиялық ойлауына, танымдық қызығушылықтары мен зерттеушілік дағдыларының дамуына ықпал ететінін көрсетті. Мақалада сондай-ақ болашақ информатика мұғалімдерінің ЖИ технологияларын білім беру құралдары ретінде тиімді пайдалануына қажетті әдістемелік ұсыныстар мен практикалық бағыттар ұсынылды. Зерттеу нәтижелері ЖИ технологияларын қолданудың оқытудың сапасын арттырып, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы әлеуетін айқындайды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 416, № 4
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP