АШЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ МЕН ШЕШУГЕ КОНСТРУКТИВТІ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ МАТЕМАТИК-МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық әлемнің талаптарына жауап беретін жүйеге сәйкес болашақ мұғалімді даярлау процесін жетілдіру дайындық әдістемесін күрделі және түбегейлі өзгертуді талап ететін өзекті мәселеге айналуда. Жұмыс, ашық есептерді құрастыру мен шешуге конструктивті оқыту негізінде, болашақ математик-мұғалімдерді даярлауды жетілдіру мәселесіне арналған. Жалпы, болашақ математик-мұғалімдерді даярлау процесін жетілдіруге байланысты жұмыстарды шолу және талдау нәтижесінде бұл мәселені шешудің жолы ретінде белгісіз жағдайларда әрекет ету тәсілдерін дамытудың болжамды негізі болып табылатын ашық есептерді қолдану қажеттілігіне көз жеткізілді. Мақалада ашық есептер жұмыс мақсаттарын қою, берілген жағдайдың шарттарын талдау, болжамдарды тұжырымдау және негіздеу, мәселелерді шешуді жоспарлау және нәтижені сыни тұрғыдан талдау қабілетін дамытатын есептердің түрлеріне жіктеліп көрсетілген, оларға мысалдар келтірілген. Зерттеу жұмысымыздың барысында ашық есептерді құрастыру мен шешуге студенттерді арнайы дайындаудың қажеттілігі анықталынып, олардың математиканы оқытуда ашық есептерді қолдана білу қабілетін қалыптастыру мақсатында "Мектеп математикасы бойынша ашық есептер" курсы әзірленді. Курс контенті мен оны конструктивті оқыту құзіреттілік, эпистемологиялық, экзистенциялық, конструктивтік және акмеологиялық принциптерге негізделіп, оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны және міндетті нәтижелері сипатталған. Зерттеу нәтижесінде оқу процесіне мектеп математикасының әзірленген эпистемологиялық контентін, ашық есептерді шешуге конструктивті оқытуды ұйымдастыру құралдарын енгізу өзінің өмірлік мүддесі үшін де, орта білім беру мүддесі үшін де шығармашылық әлеуетті іске асыруға қабілетті, сондай-ақ жоғары адамгершілік қасиеттерге ие жан-жақты дамыған педагог-математикті даярлауды қамтамасыз етеді деген қорытынды жасалған.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 416, № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP