Central AsianResearch Index

ДУАЛЬДІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіби табыстылығын арттыруда дуальді оқыту және оның зерттелуі туралы мәселелер қарастырылған. Дуальді білім беру – оқу үдерісін оқу орнында алынатын теориялық білім мен кәсіпорындар мен мекемелерде жүзеге асырылатын практикалық даярлық арқылы қатар жүргізуді көздейтін білім беру моделі. Бұл жүйе болашақ маманның кәсіби тәжірибе жинақтауына, жұмыс жағдайына бейімделуіне, кәсіби дербестікке қол жеткізуіне ықпал етеді. Педагогикалық бағыттағы дуальді оқытуда практика базасы ретінде мектептер, психологиялық-педагогикалық орталықтар, әдістемелік кабинеттер, білім беру ұйымдары қызмет етеді. Мұндай модель студенттердің педагогикалық іс-әрекетке ерте араласуына, кәсіби рефлексияны меңгеруіне және оқу үрдісін нақты жұмыс орнында орындау арқылы қажетті дағдыларды игеруіне жол ашады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша дуальдік оқыту арқылы қазіргі заманға лайықты педагогикалық қызметке даяр, практикалық дағдыларды игерген, кәсіби-тұлғалық жағынан дамыған, бәсекеге қабілетті, жасампаз педагогтерді даярлауға болатыны сараланған. Жалпы зерттеу жұмысының өзектілігі де еліміздегі дуальді оқытуға байланысты жүргізіліп отырған іс-шараларды саралап, олардың тиімділі мен кем түсіп жатқан тұстарын анықтауға негізделеді. Зерттеу барысында материалдарды жинақтау, талдау, сараптама жүргізу, эксперименттік бақылау, қорытынды түйін жасау әдістері қажетінше пайдаланылды. Дуальді білім беру жүйесі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттырады, өйткені теориялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастыру педагогикалық шеберлікті қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу ордасы мен базалық мектеп арасындағы тиімді ынтымақтастық болашақ мұғалімдердің кәсіби әлеуетін дамытуға және еңбек нарығына бейімделуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Дуальді білім беру моделі арқылы педагогикалық практика ерте кезеңде басталып, жүйелі түрде жалғасуы студенттің кәсіби даярлығына оң әсер етеді. Теория мен практиканың интеграциясы болашақ мұғалімнің кәсіби «бейімделу кезеңін» қысқартып, алғашқы жұмыс орнына тез сіңісуіне ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын қайта құруда, яғни дуальді оқыту элементтерін енгізуде пайдалануға болады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 416, № 4
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP