Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛІК МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ

Зерттеудің мақсаты. Қазақстанда кедейлікті еңсеру жөніндегі басым бағыттарды әртүрлі деңгейде жүзеге асыру шараларын әзірлеу ұсынылады. Мақалада экономикалық жүйедегі кедейлік ұғымының мәні мен мазмұны, оның пайда болу себептері, Қазақстандағы өмір сүру деңгейі индикаторлары, өңірлер бойынша кедейлік көрсеткіші, оны төмендету бойынша жүйелі шаралар қарастырылады. Кедейлік мәселесінің ауқымы мен күрделілігі елдегі әлеуметтік құрылымға, саяси тұрақтылыққа қауіп төндіруі, экономикалық даму мен қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін. Зерттеудің әдіснамасы. Ғылыми мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің талдау – кедейлік категориясын зерттеу, кедейлікті есептеу әдіснамасы қарастырылады, синтез – алынған зерттеулер нәтижелерін Қазақстанда пайдалану сияқты әдістері қолданылды. Мақаланың зерттеу материалдары ретінде Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірге әзірленген «Қазақстандағы кедейлік пен әл-ауқат деңгейін бағалау 2024» баяндамасы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтері басшылыққа алынды. Халықаралық ұйымның және ресми статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанда кедейлік деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар беріледі. Зерттеудің бірегейлігі/ құндылығы. Мақала тақырыбының өзектілігі Біріккен ұлттар ұйымымен 2015 жылы кедейлікті жою тұрақты даму мақсаттарының бірі, қазіргі заманның маңызды жаһандық проблемасы ретінде айқындалуымен байланысты. Бұл қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мәселесін шешу Қазақстан Республикасын нығайтудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Зерттеу нәтижелері. Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейін төмендету жолдарын халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып кедейлік проблемаларын зерттеу саласында оларды практикалық пайдалануға бағдарланған. Одан кейінгі зерттеулердің болашағы халықтың кедейлігін төмендету және Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстарды өзектендіру қажеттілігімен байланысты.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 415, № 3
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP