Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ АУМАҚТЫҚ КЛАСТЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ ПАЙЫМЫ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ

Ғылыми мақала Қазақстан өңірлеріндегі аумақтық кластерлерді отандық және шетелдік тәжірибе призмасы арқылы дамытудың қазіргі заманғы пайымын зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі жаһандану және өңірлер арасындағы бәсекелестікті күшейту жағдайында орнықты экономикалық құрылымдарды қалыптастыру қажеттілігіне негізделген. Аумақтық кластерлер өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және инновациялық өсуді ынталандырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Зерттеу экономикалық-географиялық, әлеуметтанушылық және басқарушылық аспектілерді қамтитын пәнаралық тәсілге негізделген. Салыстырмалы талдау, статистикалық модельдеу және кейс-стади әдістері пайдаланылды. Қазақстанның жағдайына қолданылатын кластерлендірудің шетелдік озық тәжірибелерін зерделеуге ерекше назар аударылды. Ғылыми мақала Қазақстан өңірлеріндегі аумақтық кластерлерді отандық және шетелдік тәжірибе призмасы арқылы дамытудың қазіргі заманғы пайымын зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі жаһандану және өңірлер арасындағы бәсекелестікті күшейту жағдайында орнықты экономикалық құрылымдарды қалыптастыру қажеттілігіне негізделген. Аумақтық кластерлер өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және инновациялық өсуді ынталандырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Зерттеу экономикалық-географиялық, әлеуметтанушылық және басқарушылық аспектілерді қамтитын пәнаралық тәсілге негізделген. Салыстырмалы талдау, статистикалық модельдеу және кейс-стади әдістері пайдаланылды. Қазақстанның жағдайына қолданылатын кластерлендірудің шетелдік озық тәжірибелерін зерделеуге ерекше назар аударылды. Зерттеудің негізгі гипотезасы Қазақстанда аумақтық кластерлерді дамытудың табысы көбінесе мемлекеттің, бизнестің және ғылыми мекемелердің іс-қимылының келісімділігіне, сондай-ақ инновацияларды қолдаудың дамыған инфрақұрылымының болуына байланысты. Негізгі қорытындылар институционалдық реформалар мен мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына назар аудара отырып, Қазақстанның өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, кластерлеудің халықаралық модельдерін бейімдеу қажеттігін растайды. Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды мемлекеттік органдардың аумақтардың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықты дамуын арттыруға бағытталған өңірлік экономикалық саясатты әзірлеу және іске асыру үшін пайдалану мүмкіндігінен тұрады. Зерттеу нәтижелері Қазақстан экономикасының түрлі салаларында инновациялық кластерлерді құруға және дамытуға мүдделі бизнес-қоғамдастық өкілдері үшін де қызығушылық тудырады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 415, № 3
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP