Central Asian Research Index

BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN), 2025, т. 415, № 3

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ТЕМІРЖОЛ ЖҮК ТАСЫМАЛЫ БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРІНІҢ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

С. Альдешова, А. Кажмухаметова, К. Утепкалиева

Аннотация · Abstract

Теміржол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелер теміржол көлігі кәсіпорындары ұсынатын қызметтердің қауіпсіздігін үнемі қамтамасыз ету және жүйелі түрде жақсарту болып табылады. Бұл қауіпсіздік көптеген факторлардың, соның ішінде инфрақұрылымның жай – күйінің, қондырманың жай-күйінің немесе теміржол қозғалысын жүргізу тәсілінің нәтижесі болып табылады. Көлік саласындағы қызмет түрлерінің алуан түрлілігі бухгалтерлік есепте экономикалық операцияларды көрсету мақсатында келісімшарттар мен оларға арналған алғашқы есеп құжаттарын есепке алу мен рәсімдеудің әртүрлі нұсқаларын талап етеді. Теміржол компанияларының аудиті олардың қызметінің ерекшелігіне байланысты, сондай-ақ экономикалық қызметте қолданылатын көлік құралдарына меншік құқығымен байланысты бірқатар артықшылықты сипаттамаларға ие. Көлік ұйымдарының аудитінің ерекшеліктері олардың бухгалтерлік есеп пен салық салудың арнайы жүйелерін қолданатындығына байланыстылығы қарастырылды. Есеп пен аудитті ұйымдастыруға теміржол кәсіпорындарының ұйымдық-технологиялық ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып, теміржол кәсіпорындарында аудитті ұйымдастыру кезеңдері ашып көрсетілді. Теміржол жүк тасымалы компаниялары бизнес-процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, аудит әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттары зерделенді.

Сведения · Details

Профили авторов · Author profiles