Central AsianResearch Index

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ

Қазіргі таңда бүкіл әлемде жүріп жатқан жаһандық үдерістер экологиялық, саяси, экономикалық жүйелерде туындап отырған тұрақсыздық, дағдарыстар, қауіп қатерлер адамзаттың тұрақты даму бағыттарын нақтылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары қоғамның барлық саласында жаһандық дамудың негізгі тетігіне айналды. Өркениеттің дамуымен байланысты әлеуметтік теңсіздік мәселелері қалыптасып отырған кезеңде , әлеуметтік жұмыс маманының маңыздылығы артуда. Халықаралық, жергілікті, өңірлік деңгейде әлеуметтік жұмыс саласының болашақ мамандары үшін қойылатын ортақ талаптар мен қағидаттар негізінде жоғары оқу орнында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға дайындығын қамтамасыз ету өзектілігі жоғары болып отыр. Зерттеу гипотезасы: 1.Әлеуметтік жұмыс мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға дайындығы білім алушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерімен, кәсіби маңызды қасиеттерімен және құндылықтар жүйесімен ерекшеленеді.2. Әлеуметтік жұмыс болашақ мамандарының мотивациялық құндылық, танымдық, ұйымдастырушылық қабілеттері мен дағдысын қалыптастыру және дамыту бұл кәсіби пәндердің пәнаралық байланысын қамтамасыз етумен және аудиториялық жұмыстан тыс педагогикалық, тәрбиелік, зерттеушілік үдерістерімен байланысты. Зерттеу әдістері ретінде оқу үдерісінде білім алушылар үшін кәсіби құзыреттерді дамытуға дайындығының құрамын анықтау мақсатында ғылыми әдебиеттерге шолу арқылы дедукция, синтез, талдау әдістері қолданылды. Эмпирикалық зерттеу негізінде әлеуметтік жұмыс білім алушылары арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу барысында алынған нәтиже бойынша әлеуметтік жұмыс болашақ мамандарына, жоғары оқу орнында әр курстың бейіндік дайындығы ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға практикалық даярлаудың авторлық құрылымдық моделі әзірленді, оның ішінде құрылымдар: аудиториялық сабақтан тыс эдвайзер сағатының құрылымы мен кәсіби пәндердің пәнаралық байланысын қалыптастыру және бағалау түрлері бойынша ұсыныстар берілді. Тәжірибеде қолдану білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға жоғары мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 415, № 3
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP