Central AsianResearch Index

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЛЕКТІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақалада қазіргі кезеңдегі жоғары мектептің білім беру процесінде болашақ педагог мамандардың кәсіби маңызды сипаттамаларының қалыптасуына ерекше назар аударылады. ЖОО-да оқу процесі жеке тұлғаның кәсіби қалыптасу кезеңдерінің бірі, онда жаңа әлеуметтік рөл, теориялық білім, практикалық дағдылар жүйесі игеріліп, болашақ кәсіби қызметке деген көзқарас қалыптасады. Заманауи зерттеулер ЖОО-да білім беру процесінде тұлғаның кәсіби қалыптасуына әсер ететін кәсіби маңызды сипаттамалардың бірі тұлғааралық өзара әрекеттік процесінде туындайтын мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін эмоционалдық және әлеуметтік интеллект деңгейі болып табылатындығын көрсетеді. Бұл интеллект түрлері әдетте, интеллект теориясының жалпы мәселелері аясында қарастырылады, бірақ кәсіптік білім беру процесінде интеллекттің қалыптасуы мен даму аспектісі жеткілікті түрде дамымаған күйінде қалады Соңғы онжылдықтағы ғылыми зерттеулерде эмоционалдық және әлеуметтік интеллект педагогтің кәсіби функцияларын жүзеге асырудың сәттілігін анықтайтын фактор ретінде қарастырылады. Әлеуметтік және эмоционалдық интеллект - бұл әлеуметтік өзара әрекеттесуде түсіну мен бағдарлауды қамтитын бір-біріне мағыналық жағынан жақын, синоним ұғымдар, бірақ әлеуметтік интеллект тұлғааралық, ал эмоционалдық интеллект тұлғаішілік яғни өзінің ішкі эмоциялары мен сезімдерін айқындауға байланысты дағдыларға бағытталған. Эмоционалдық және әлеуметтік интеллект субъект-субъектілік өзара әрекеттесу саласында қызмет атқаратын адамдар үшін кәсіби маңызды. Ол әсіресе әлеуметтік педагогтардың қызметінде ерекше мәнге ие болады. Эмоционалдық интеллект ұғымы білім беру процесін құрудың тиімділігіне әсері және оның деңгейін көтерудің ұзақ мерзімді нәтижелері туралы сұрақтар әр түрлі елдер мамандарының көптеген ғылыми зерттеулеріне арналғанына қарамастан, әлі толық зерттелмеген. Ал, эмоционалдық интеллектінің даму деңгейі көбінесе әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетінің мазмұнын, сипаты мен нәтижелігін анықтайды. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты болашақ әлеуметтік педагогтардың эмоционалдық құзыреттілік деңгейін, оны арттыру бойынша тренингке дейін және одан кейін талдау болып табылады. Тренинг өткізу үшін Н. Холлдың әдістемесі таңдалды. Зерттеудің нәтижесі эксперименттік топтың статистикасын бірнеше аспектілер бойынша салыстырмалы талдау болып табылады: эмоционалды хабардарлық, эмоцияны басқару қабілеті, өзін-өзі ынталандыру, эмпатия, эмоцияны тану. Аталған аспектілердің әрқайсысы бойынша барлық қатысушылардың көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуі анықталды. Алынған нәтижелер эмоционалдық интеллект ұғымын және оның оқу процесін құрудағы рөлін одан әрі зерттеу үшін маңызды. Статистикалық деректер болашақ әлеуметтік педагогтардың эмоционалдық құзыреттілік деңгейін арттыру қажеттілігін сенімді растау ретінде қызмет ете алады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 415, № 3
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP