БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Мақалада мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби даярлауда ғылыми коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланған. Бұл зерттеу қазіргі педагогика ғылымы мен тәжірибесінде маңызды орын алады, себебі ғылыми коммуникация болашақ педагогтердің ғылыми мәтін құрастыру, логикалық дәлелдемелер келтіру, зерттеу нәтижелерін сипаттау, зерттеу құзыреттілігінің басты көрсеткіштері болып табылады.Зерттеу барысында Ю.В.Рындинаның «Білім алушылардың зерттеу құзіреттілігінің қалыптасуын бағалау деңгейі» мен Ш.Ж.Алимованың «Студенттердің зерттеу іс-әрекеттерін мотивациялық тұрғыда бағалау» әдістемелері қолданылған. Бұл әдістемелер болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, оның ішінде ғылыми мәтіндерді сауатты құрастыру, зерттеу нәтижелерін баяндау, ғылыми пікірталасқа қатысу және кәсіби қауымдастықпен қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту, киберэтика ережелерін сақтау жолдары, зерттеу әдістері, мәліметтерге талдау жасау, кіріспе, негізгі және қортынды бөлімді жазу сияқты ғылыми коммуникациялық дағдыларды дамытудың өзекті мәселелері қарастырылған. Тәжірибелік бөлімде бақылау және эксперименттік топтардың нәтижелері салыстырылып, эксперименттік әдістемелердің тиімділігі дәлелденді. Эксперименттік жұмыс барысында болашақ педагогтер ғылыми ақпаратты сараптай білу, деректерді талдау және зерттеу мәселелерін анықтау дағдыларын меңгерді. Зерттеу көрсеткіштері педагогтердің кәсіби даярлығының жаңа әдістерін қолдану арқылы айтарлықтай жақсарғанын көрсетті.Авторлар мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ғылыми коммуникациялық дағдыларды дамыту бойынша практикалық ұсыныстар жасап, зерттеу нәтижелерінің мектепке дейінгі білім беру саласындағы сапаны арттыруға қосқан үлесін атап өтеді. Сонымен қатар, мақалада мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне қажетті ғылыми коммуникациялық дағдыларды дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар мен стратегиялар қарастырылған, бұл болашақ педагогтердің кәсіби дамуына оң әсер етеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 415, № 3
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP