ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінгі таңдағы қоғам эволюциясы үшін кәсіби тұлғаны қалыптастырудың маңызы ерекше. Жаһандану жағдайындағы заманауи зерттеулерде қазақ ақын-жырауларының шығармаларын пайдаланудың педагогикалық мүмкіндіктерін ескеруді аса маңызды деп санаймыз. Сондықтан аталмыш мәселе білім беру парадигмаларының өзгеруі жағдайында өзектілігін жоғалтпайды. Бұл мақаланың басты міндеті – осы мәселеге қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлерін жүйелеу болып табылады. Қойылған міндетке сәйкес ақын-жыраулар шығармашылығының өзектілігін дәлелдейміз, бірқатар тиімді әдістерді жүйелейміз және оқу аудиториясында пайдалану мүмкіндіктері тәжірибесімен бөлісеміз. Ең алдымен ақын-жыраулардың қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметіне тоқталамыз. Осы мәселе аясында 2 негізгі сұрақты қоямыз және зерттеуде жауабын іздейміз. Зерттеу жұмысы барысында фольклор түсінігін назардан шығармаймыз. Қазақ фольклоры қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін көрсетті деген қорытындыға келеміз. Кәсіби және шығармашылық қызметке ынталандырудың әрекеттер тізбегін 2 үлгіге бөлдік: теория→тәжірибе→теория; тәжірибе→теория→тәжірибе. Қарастырылған мәселе бойынша педагогикалық мүмкіндіктер студенттердің сұрақтар қою қабілетін дамытады, рухани дүниетанымды қамтитын сұрақтарға жауаптар беріледі және оқу процесі мазмұнды өткізіледі. Дәлелдерді дамыту үшін автор әдебиеттерді шолуға сүйене отырып, сипаттамалық әдіс, дәстүрлі зерттеу әдістері, жүйелік талдау әдісі, индукциялық зерттеу әдістері секілді т.б. тәсілдерді қолданады. Мақала авторы ақын-жыраулар халықты бүгінгі күнге дейін кемелдігімен таң қалдырып отыр деген қорытындыға келді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 415, № 3
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP