ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКАДАН ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарында молекулалық физикадан виртуалды зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі қарастырылған. 6В01502 – «Физика мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасындағы іргелі дайындық модуліне енгізілген пәндерді оқытуда физикалық құбылыстарды бақылауда зертханалық, практикалық жұмыстардың алатын орны ерекше. «Қатты денелердің сызықтық ұлғаю коэффициентін анықтау» тақырыбындағы виртуалды зертханалық жұмысты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі көрсетілген. Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруда және өткізуде білім алушылардың жұмысын бағалау және зертханалық жұмысты орындау қорытындысы бойынша білім алушылардың өзін-өзі бағалауға қажетті критерийлер берілген. Сонымен бірге, зертханалық жұмыстарды орындау барысында білім алушылардың орындайтын өздік, деңгейлік, жобалық жұмыс тапсырмаларының үлгілері ұсынылды. Сәйкесінше, білім алушылар үшін берілген тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық көрсетілген. Сондай-ақ, мақалада виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау барысында білім алушыларда қалыптасатын дағдылар жүйесі келтірілген.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 415, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP