ФИНЛЯНДИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРКЕМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМГЕ ДИЗАЙН САЛАСЫНЫҢ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
Бұл зерттеу көркем-педагогикалық білім беру бағдарламасының білім алушыларының шығармашылық ойлауын қалыптастырудағы дизайнның рөліне арналған. Зерттеу барысында білім беру процесінде дизайн әдістері мен технологияларын қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ олардың білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсері анықталды. «Кескіндеме» пәні бойынша «Көркем білім» білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлерінің қатысуымен педагогикалық эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижелері дизайнды оқу процесіне біріктіру шығармашылық ойлауды жандандыруға және білімгерлердің кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Зерттеу көркем-педагогикалық білім беруде дизайн әдістері мен технологияларын қолданудың маңыздылығын растайды және осы салада қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігін көрсетеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 415, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP