ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДА АРТИКУЛЯЦИЯНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ
Бұл мақалада қазақ тіліндегі артикуляция үдерісінің сөйлеу жүйесіндегі рөлі мен оның бұзылу себептері қарастырылады. Артикуляция – дыбыстарды дұрыс айту, сөйлеу мәнері мен интонациясының қалыптасуына тікелей ықпал ететін механизм. Қазақ тілінің дәстүрлі айтылым үлгісі – ұлттық фонетикалық және орфоэпиялық нормаларды сақтауға бағытталған тарихи қалыптасқан үрдіс. Соңғы жылдары ауызекі сөйлеудегі калька аудармалары, шет тілдік интерференциялар, қосымшаларды орынсыз үстемелеу сияқты факторлар дәстүрлі айтылымға кері әсер етіп, сөйлеу мәдениетін бұзуда. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл мәселелерді шешу үшін артикуляциялық нормаларға назар аударумен қатар, лингвистикалық білім мен педагогикалық әдістерді жүйелі түрде жетілдіру қажет.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 415, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP