Central AsianResearch Index

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР «МЕКТЕП – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ» КЕШЕНІНДЕ ТИІМДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Бұл зерттеу цифрлық технологиялардың «Мектеп – педагогикалық жоғары оқу орны» кешеніндегі білім беру үдерісіне әсерін талдайды. Зерттеу Google Scholar, ERIC, Web of Science және SCOPUS сияқты сенімді академиялық дерекқорларды, сондай-ақ Қазақстандағы цифрландырудың негізгі мәселелерін зерделеу үшін мемлекеттік құжаттар мен халықаралық конференция материалдарын пайдалана отырып, тиісті әдебиеттерді қарастырды және талдады. Негізінен соңғы 5 жылдағы басылымдардың тереңдігі алынды. Зерттеу барысында мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуде цифрлық технологиялардың рөлі, онлайн оқыту платформаларының тиімділігі және педагогикалық тәжірибеде цифрлық құралдарды пайдалану қарастырылды. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудағы маңыздылығы, олардың педагогикалық шеберлігіне ықпалы және мектептерде инновациялық оқыту әдістерін енгізу мәселелері талданды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты нығайту цифрлық құралдарды тиімді қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалға GeoGebra, Desmos, Wolfram Alpha сияқты математикалық симуляторлардың оқушылардың пәнді терең түсінуіне қалай көмектесетіні көрсетілді. Мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды қолданудағы негізгі мәселелер, соның ішінде мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы цифрлық сабақтастықтың әлсіздігі талқыланады. Дегенмен, цифрлық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгеру деңгейінің әртүрлілігі және оқу материалдарының бейімделу қажеттілігі сынды мәселелер өзекті болып қала береді. Осыған байланысты, білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру үшін цифрлық технологияларды интеграциялауды кеңейту, мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара байланысты күшейту және мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру ұсынылады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 415, № 3
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP