Central AsianResearch Index

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ӨСУДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ

Аталған мақалада соңғы кездегі жалпы дүние жүзіндегі және Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жай-күйі сарапталып, инвестициялар көлемі мен салалары бойынша талдаулар жасалды. Қолайлы инвестициялық ахуал экономиканың тұрақты жоғары дамуын қамтамасыз етудің, өңірлер мен салаларға инвестициялар тартудың, кәсіпкерлік қызметті жандандырудың міндетті шарты. Инвестициялар маңызды өнеркәсіптік және әлеуметтік жобаларға қаражат бөлінуіне ықпал етеді, инновациялық жобалардың ену мүмкіндіктерін кеңейтеді, еліміздегі тұрғындардың өмір сүру сапасын және жалпы әлеуметтік-экономикалық даму сапасын жақсартады. Инвестициялар тарту бойынша жалпы көрсеткіштер өскенімен, 2024 жылғы Дүниежүзілік инвестициялар туралы Есепке сәйкес, жаһандық тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) экономикалық құлдырау мен геосаяси шиеленістің күшеюі аясында 2023 жылы 2% - ға 1,3 трлн долларға дейін қысқарғанын көреміз. Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарға тікелей шетелдік инвестициялар бойынша дамушы елдердегі инфрақұрылымдық жобалар қысқарғанын, ал тиісті секторларға жаңа инвестициялар тартылғаны байқалады. Зерттеулер экономикалық өсімнің қозғаушы күші ретіндегі инновациялық әлеуеттің маңыздылығын ашып, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі мен шетелдік инвестицияларды тартуындағы ықпалын, әсер етуші факторларын сипаттайды. Мақаланың практикалық маңыздылығы. Инвестициялардың құрылымындағы өзгерістердің орын алуы, қәзіргі кездегі Орталық Азия елдеріндегі экономикалық дамудың мақсаттары анықталғанын зерттеулерден көрсетіледі.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 414, № 2
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP