ТҮРКІ-МҰСЫЛМАН ДЕРЕКТЕРІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Бұл мақала Қазақстанның орта ғасырлар тарихы орта мектептің 6-сыныбында оқытылып, оқушыларға еліміздің тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін түркі, араб және парсы деректері туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл деректер оқу бағдарламасында маңызды орын алады. Өйткені аталмыш деректер оқушылардың тарихи көзқарасын қалыптастырып, танымдық қабілеттерін дамытады. Тарихи дереккөздерді таңдау кезінде олардың дәлелді, бағдарламалық материалмен байланысқан және оқушыларға түсінікті болуы талап етіледі. Мұндай материалдар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, тарихи тұлғалар мен оқиғаларға қатысты көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді. Орта мектеп деңгейінде тарихи деректердің дұрыс таңдалуы олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін дамытады. Эксперименттік жұмыс процесінде тарихты оқытуда іс-әрекеттің уәждемесі мен жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін тарихи деректерді іріктеу өлшемдері анықталған. Тарихи дереккөздерді іріктеудің дидактикалық-әдістемелік өлшемдерімен қатар, танымдық-тарихи өлшемдер де анықталған. Дидактикалық және әдістемелік критерийлерді қанағаттандыру үшін – дәлелденген тарихи дереккөздер болуы керек, ол тарихи факт туралы бағдарламалық материалмен тығыз байланысты, және негізгі білім мен дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Мектеп оқушыларына бейімделген мазмұн мен көлем бойынша қол жетімді болу қажет, ол оқушыны тарихи өткенді зерттеуде танымдық қызығушылықты оятуға мүмкіндік беретін қиял мен эмоционалды болуға тәрбиелейді және танымдық дағдыларды қалыптастыру талаптарын қанағаттандырады. Қазіргі кезде жоғары және орта мектепке арналып отырған хрестоматиялар немесе қосымша материалдарда көбінесе Қазақ хандығы тұсындағы материалдарды көрсетуге назар аударылады. Ал, түркі кезеңіндегі, дәлірек айтқанда Оғыз, Қарахан, Қыпшақ мемлекеттері мен Алтын Орда және Шыңғыс ұрпақтары құрған мемлекеттер мен қоғамының тарихына қатысты түркі немесе басқа да мұсылман араб немесе парсы тілдеріндегі деректер көрсетілмейді. Мақалада ұсынылатын негізгі тұжырымдардың бірі осы мемлекеттердің тарихына қатысты материалдарды барынша көптеп енгізу және білімгерлердің, оқушылардың осы мемлекеттер жайында құжаттық материалдарды игеруіне қатысты болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 414, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP