МЕКТЕПТЕГІ ХИМИЯ КУРСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАҒАЛАУ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі – елімізді бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса қажетті құралдардың бірі. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты бойынша еліміздің білім беру саласында жаңартылған педагогикалық цифрлық технологиялар көптеп қолданылып, заман талабына сай интеллектуалды, инновацияланған, жаңа технологияларды игерген өскелең ұрпақты тәрбиелеу өте маңызды саналады. Сондықтан, Қазақстанның жылдам дамуына әсер ететін, индустриалды қоғам құруға көмектесетін пәндердің бірі химияны оқытуда жаңа цифрлық технологияларды қолдану - өзекті мәселелердің қатарында. Мақалада химияны мектепте оқыту үдерісі кезінде цифрлық білім беру ресурстарын, яғни технологияларды қолданудың тиімділігі туралы айтылады. Мақала авторлары педагогикалық эксперимент нәтижесінде мектеп химиясын оқытуда мүмкін болатын қолжетімді барлық цифрлық технологияларды пайдаланады. Видео-, аудиоматериалдарды, мультимедиялық презентацияларды, виртуалды зертханалар мен электронды оқу құралдарын қолданудың әдіс тәсілдері апробацияланып, дайындалған. Тәжірибеге сүйене отырып сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы қорытынды жасалды. Әсіресе, улы, жарылғыш, тез жану қаупі бар заттармен жасалатын химиялық эксперименттерді орындау кезінде виртуалды химиялық зертхананы қолдану өте өзекті. Білім алушылар, сонымен қатар, молекула мен атомдардың құрылымын үшөлшемді кеңістікте зерттей алады. Бұндай мүмкіндік қоршаған ортаны терең түсінуге және игеруге көмектеседі.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 414, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP