МҰСТАФА ШОҚАЙ ХАТТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Адамзат баласы қай заманнан-ақ қарым-қатынас құралдарының түрлі тәсілдері мен жолдарын пайдалана отырып ақпарат алмасудың өзектілігін арттырды. Өз кезегінде бұл эпистолярлық жанрдың қалыптасуы мен дамуына жол ашып, қарапайым деңгейдегі сұхбаттасудан білім алмасу әдісі деңгейіне жете алды. Қазақ ғылымын да бұл үрдіс айналып өтпей, өткен ғасырдың дара тұлғасы М. Шоқайдың эпистолярлық мұрасы негізінде айрықша серпіліс байқалды. Қоғам қайраткері, идеолог, эмигранттық әдебиеттің ықпалды өкілі М. Шоқайдың хаттарын ЖОО-да оқыту күн тәртібіндегі маңызды зерттеуді қажет ететін мәселе. Зерттеуде, автор хаттарының тарихи және әдеби-көркемдік құндылығы талданып, олардың білі алушылардың ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі мен педагогикалық мүмкіндіктері анықталады. Бұл мақалада, хат жанрының ерекшеліктері, Мұстафа Шоқайдың шығармашылық мұрасындағы орны және оны оқыту әдістері талқыланады. Хаттарды оқыту арқылы білім алушылардың әдеби жадысын дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық қабілеттерін арттыру тәсілдері ұсынылады. Бұл мақаланың мақсаты – Мұстафа Шоқайдың хаттарын әдебиет пәнінде оқыту мүмкіндіктерін қарастыру. Хаттардың тарихи және көркемдік құндылықтарын талдай отырып, оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру, тарихи шындықты ұғындыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістерін ұсыну. Сонымен қатар, Мұстафа Шоқай хаттарын зерттеу арқылы жастардың ұлттық мәдениетке, тәуелсіздік идеясына және тарихи жадыға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 414, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP