МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ГЕЙМИФИКАЦИЯ
Мақалада мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының көшбасшылық дағдыларын геймификация арқылы дамытуда жас және дербес ерекшеліктерін ескерудің мағыздылығы жазылған. Балалардың көшбасшылық дағдылары әлеуметтік, интеллектуальды, физикалық дағдыларының дамуы арқылы жүзеге асатыны негізделген. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларына психологиялық жағымды орта құрылғанда, олардың қарқынды көшбасшылық дағдыларының дамуы жүреді. Көшбасшылық дағдылар дамыту үшін балаларға белсенді іс-әрекеттерін қолдана алатын геймификация ойындарын пайдалану тиімділігі баяндалған. Сонымен қатар педагогтің басқаруынсыз геймификацияны электронды құрылғылар арқылы жиі және негізсіз пайдалану балалардың дамуына кері әсері болатыны да айтылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс - әрекеті ойын болғандықтан, ойынның түзетушілік және дамытушылық ықпалы зор. Осыған орай авторлар геймификация мектепке дейінгі тәрбие-білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру, балаларды ынталандыруға, оқу үдерісіне белсенді қатысуға ықпалы мол екенін айтады. Сонымен қатар білім алуға тұрақты қызығушылықты арттыру мақсатында компьютерлік ойындарға тән тәсілдерді, ойыннан тыс кеңістікте ойлауды пайдалану деген анықтама береді. Осыған орай мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының көшбасшылық дағдыларын дамытуда геймификация ерекшелігі мен маңыздылығы және ұстанымдары қарастырылған.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 414, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP