«АТОМ ЖӘНЕ АТОМ ЯДРОСЫНЫҢ ФИЗИКАСЫ» ТАРАУЛАРЫНДАҒЫ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАУ
Мектеп бағдарламасы аясында оқушының санасында дүниетанудың физикалық келбеті туралы ең бастапқы философиялық көзқарастары қалыптасады. Физикада әлемнің механикалық бейнесінен бастап, кванттық бейнесіне дейін әлі де кейбір философиялық түсініктер мен теориялар арасындағы елеулі зерттеулерді қажет ететін қарама-қайшылықтар, теория мен тәжірибе арасындағы алшақтық, кейбір теориялар шеңберінде түсіндіре алмайтын құбылыстар мен заңдылықтар жетіп жатыр. Жалпы білім беретін мектептің «Физика» курсында осы қайшылықтарды анықтау және оны зерделеу бағытындағы әдістемелік зерттеу жұмыстары әлем келбетін танудағы орын алатын көптеген күрделі мәселелерді заманауи көзқарастармен шешеді, оқыту үдерісінде пән мазмұны бойынша оқушылардың білімін жүйелі түрде дайындылған жаңа пікірлермен толықтырады. Зерттеудің мақсаты физикалық құбылыстарды, заңдарды, теория элементтерін, сондай-ақ тәжірибеден алынған деректерді салыстырып, талдау жасау арқылы анықталған қарама қайшылықтарды түсіндіру барысында оқушылардың айналасындағы Әлемді тануын дамыту. Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептегі физика курсының «Атомдық физика» және «Атом ядросының физикасы» тарауларындағы кейбір теориялар шеңберінде кездесетін қайшылықтарды айқындау арқылы оқушылардың дүниенің физикалық келбеті туралы танымын жетілдіру әдістемелері қарастырылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 414, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP