ҚАЗАҚ ТІЛІН ОНЛАЙН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Мақалада интернет технологияны пайдалана отырып қашықтықтан оқытудың заманауи әдістеріне аналитикалық шолу жасалған. Оқыту үдерістеріне ақпараттық технологиялардың кірігуі мен ғаламданудың қарқынды өріс алуына байланысты қашықтықтан оқыту түрлерін пайдалану академиялық тәжірибенің ажырамас бөлігіне айналды. Мақалада қазақ тілін оқытудағы төрт негізгі әдіснамалық тәсіл талданып, бағаланады: Grammar Translation, Direct Method, Audio-lingualism және Communicative Language Teaching, және олардың онлай оқыту жағдайындағы түрленуі қарастырылған. Мақала авторы қазіргі білім беру парадигмасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) маңыздылығына баса назар аударады. Қазақ тілін қашықтықтан оқытуда АКТ қолдану материалды меңгеруде жоғары мотивация мен сапалы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі фактор ретінде қарастырылған. Зерттеудің әдіснамалық бөлігінде қазір қолданылып жүрген онлайн ресурстарға жан-жақты талдау жасалып, олардың оқытудың дәстүрлі әдістерімен кірігуі зерттеледі. Автоматтандырылған аударма жүйесі мен компьютерлік бағдарламалар дамығандықтан классикалық әдіс болып табылатын Grammar Translation-дің тиімділігі сынға ұшырауда. Direct Method вебинарлар мен онлайн конференциялар көмегімен бір-біріне сайма-сай тілдік орта қалыптастыруда қарастырылады. Стандартты фразаларды механикалық түрде есте сақтауға негізделген Audio-lingualism-нің қашықтықтан оқыту форматында тиімділігі талданады. Communicative Language Teaching-ге ерекше назар аударылған, себебі ол видеокоммуникация құралдары мен әлеуметтік желілерді белсенді жұмылдыра біледі, сондықтан онлайн ортада қолдануға барынша ыңғайлы. Әрбір әдістің тиімділігі кешенді түрде талданады және оларды қашықтықтан оқытуда нәтижелі қолдану стратегиясы ұсынылады. Интернет технологиялар – топ чаттары, видеоконференциялар, әлеуметтік желілер, электрондық пошта, веб-форумдар мен жаңалықтар тобын пайдалана отырып берілген тапсырмалар үлгісі дәстүрлі және инновациялық әдістердің өзара кірігуіне мысал бола алады. Мақалада АКТ-мен бірге дәстүрлі тәсілдерді үйлестірген оқу бағдарламаларын дайындауда кешенді тәсілдің маңыздылығы, сол арқылы сандық дәуірде білім берудің жоғарғы стандарттарына қол жеткізуге болатыны баса айтылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 413, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP