АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ
XXI ғасыр білім беру жүйесін жетілдіру ғасыры. Ақпарат көп және қолжетімді. Енді оны жүйелеп беру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Мақалада бастауыштың білім жүйесінің маңыздылығы мен реттілігі қарастырылады. Қоғамның дамуының басты тұтқасы адам болса, сол адамның білімді болуы бастауыштан бастау алады. Бiлiм беру саласының негiзгi мiндетi – білімді тұлғаны шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, жаңашыл бастамаларды жүзеге асыра алатын, өз іс әрекетін басқара алатын адамға айналдыру. Осы мәселе негізінде теориялық талдау әдістері, педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері, бағалау, пайымдау тәсілдері, дамыған елдердің тәжірибелерін талдау, салыстыру әдістері қолданылды. Аталған әдістемелік негіздемелердің кезеңінде: бастауыш білім жүйесін қалыптастыру, оқытылатын пәндерді негіздеу, оқу үдерісін жүзеге асыру қарастырылып, жүргізілген нәтиже барысында сипаттама беріледі. Мақаланың мазмұнында қазақ қоғамындағы білім жүйесінің тарихы мен Ақымет Байтұрсынұлының бастауыш сыныпқа қатысты педагогикалық ұстанымдары талданады. Сондай-ақ, Қазақстанның білім жүйесі басқа да дамыған Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Финляндия мемлекеттерінің бастауыш білім беру жүйелерімен салыстырмалы талданады. Ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының бастауыш мектепке қатысты ұстанымдары, айтқан пікірлері, тұжырымдарының бүгінгі күні де өзекті, қолдануға жарамды екендігін ғылымның бүгінгі деңгейінен бағалап, лингвистикалық тұрғыдан негізделеді. Қазіргі бастауыш мектепте оқытылатын пәндер саны әлемдегі дамыған елдермен салыстырғанда солардың стандарттарына сәйкес келмейтіндігі дәлелденеді. Мақаланың қорытынды бөлімінде дамыған мемлекеттердің мектептегі білім беру жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері ескеріліп, ұлт ұстазының бастауышқа қатысты ұстанымдары бүгінгі қолданыстағы жүйемен салыстырылып, артықшылықтары дәлелденеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 413, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP