ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЭССЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ
Ұсынылып отырған зерттеу тәжірибесі қазіргі таңдағы – ғылым мен техниканың дамып, өркениеттің өркендеген шағында мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің тілдік корының қажетті деңгейге жетпей жатқандығы мен олардың кез келген құбылысқа өзіндік ойы мен пікірін жеткізе алмауы, жүйелі ойлап, ойын жүйелі жеткізе алмауы арқау болып отыр. Өскелең ұрпақтың компьютер мен смартфондарға тәуелді болып, соның зардабынан тілдік қоры жұтаң деңгейде жетіліп жатқандығы баршамызға аян. Бұл – заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі. Ал қазіргі күннің сұранысы – өзіндік көзқарасы мен ой-пікірі жетілген, қоршаған ортада көтерілген мәселеге баға бере алатын, сыни тұрғыда ойлау дағдысы қалыптасқан, жүйелі ойлап, жүйелі де сауатты жаза алатын тұлға қалыптастыру. Бұл зерттеу мақаласында жоғарыда айтылған мәселені шешудің бір жолы ретінде тілдік және ойлау дағдыларын, шығармашылық қабілеттері мен өзіндік көзқарасын қалыптастыру арқылы білім алушылардың эссе жазу дағдыларын дамытуды көздейтін жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбына арнап құрастырылған «Эссе жазып үйренейік» курсының оқу-әдістемелік кешенін тәжірибеге енгізу және оның өзектілігі, жаңашылдығы, нәтижесі мен практикалық маңыздылығы туралы айтылады. Жалпы білім беретін мектептерде пән мұғалімдері әзірлеген заманауи білім беру парадигмасының философиясына, әдіснамасына, психологиясына сай келетін сапалы оқу-әдістемелік құралдары мен элективті курстардың оқу-әдістемелік бағдарламалары қазіргі оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің көптеген мәселелерін шешуде көмекші құрал болып табылады. Сондай инновациялық әзірлемелердің бірі «Эссе жазып үйренейік» курсын сауатты оқылым мен жазылым дағдыларын дамыту, ой жүйелілігі мен сөйлеу шеберлігін шыңдау, функционалдық сауаттылығын арттыруда, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды емтиханға сапалы дайындауда пайдалануға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 413, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP