РЕДЖИО ПЕДАГОГИКАНЫҢ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУГЕ ӘСЕРІ
Мақалада Реджио педагогикасының мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы мен тәрбиесіне тигізетін ықпалы жан-жақты қарастырылады. Бұл әдіс баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін құрметтеуге және оның табиғи қызығушылығы мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Реджио педагогикасы баланың қоршаған ортаны зерттеуі мен танымдық белсенділігін арттыратын ерекше тәсіл ретінде сипатталады. Негізгі қағидаттарының бірі – бала мен педагогтің серіктестік қарым-қатынасы, мұнда педагог баланың қызығушылығын терең түсініп, оның зерттеушілік әрекеттерін қолдайды. Бұл тәсіл баланың өзін-өзі көрсетуіне және жаңа идеяларды іске асыруына мүмкіндік береді. Реджио педагогикасы когнитивтік, коммуникативтік, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды кешенді дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, әдістің балалардың дербестік, жауапкершілік және топтық ынтымақтастық қабілеттерін арттырудағы маңызы зор. Зерттеулер көрсеткендей, бұл педагогика балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіруге, олардың танымдық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанның мектепке дейінгі ұйымдарында Реджио педагогикасының элементтерін енгізу тәжірибесі де маңызды зерттеу алаңы болып табылады. Эксперименттік жұмыстар барысында балабақша тәрбиеленушілерінің танымдық, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларындағы оң өзгерістер анықталды. Бұл педагогика мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жан-жақты дамуына қосатын маңызды үлесін растайды. Мұндай тәсіл отандық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға айтарлықтай ықпал ете алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 413, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP