ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА ХИМИЯ САБАҒЫНДА VR-ДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Виртуалды шындық (VR) білім беру үрдісінде, әсіресе күрделі ұғымдар мен молекулалық құрылымдарды, қолжетімсіз зертханалық жұмыстарды визуализациялай алатын иммерсивті оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. Ғылыми жұмыстың мақсаты ЖОО химия сабағында VR-ды білім беру үдерістеріне қолданудың маңыздылығын және кемшілігін зерттеу болып табылады. Зерттеудің мақсатына сәйкес, VR технологиясының химия мамандығы студенттерінің оқу ынтасына, оқу материалын меңгеруіне әсерін, артықшылығы және кемшілігін анықтау үшін теориялық зерттеу мен иммерсивті және интерактивті VR қолдану арқылы эксперимент жүргізілді. Эксперимент барысы пре-эксперименттік дизайн (pre-experimental) негізінде ұйымдастырылды. Эксперимент нәтижелері SWOT талдау арқылы сипатталды. Талдау нәтижесі, VR технологиясы арқылы оқыту студенттердің химияны оқуға деген қызығушылығының артқанын және көңіл-күйлеріне жақсы әсер еткенін көрсетті. Алайда, артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де сипатталып, ұсыныс берілді. Ғылыми жұмыс, интерактивті және иммерсивті оқыту әдістері арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға қызығушылығы бар оқытушылар мен болашақ педагог мамандар үшін пайдалы және VR-ды оқу үдерісіне енгізу бойынша идеялар көзі бола алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 413, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP