Central AsianResearch Index

Болашақ педагогтарды дайындауда смарт технологияларды қолдану мүмкіндіктері

Әлеуметтік дамудың заманауи және танымал тенденцияларының бірі қоғамның әртүрлі салаларында смарт технологияларды әзірлеу, енгізу және пайдалану болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық ұйымның ерекше түрі ретінде смарт қоғамды қалыптастыру туралы көбірек айтылуда. Смарт қоғам парадигмасының негізгі - креативтілік әлеуеті бар, ақпаратты тиімді пайдаланатын, жұмыс орнының өзгермелі талаптарына бейімделе алатын, яғни ХХІ ғасырдың білімі мен дағдыларын меңгерген кадрларды даярлау. Зерттеу жұмысында елімізде смарт білім беру парадигмасын дамыту идеясы қарастырылады. Бұл парадигма өзін-өзі басқаратын, мотивавациялық, икемді, ресурстармен қамтылған, «смарт» студенттерді, «смарт» педагогтарды және «смарт» ортаны, оның ішінде формальды және бейресми оқытуды біріктіретін, сондай-ақ білім алушыларға қажетті білім, білік, дағды мен құзіреттерді меңгеру мақсатында ұйымдастырылатын технологиялық білім беру жатыр. Смарт білім беруді енгізу смарт технологияларды пайдалануға негізделген, оларды тиімді пайдалану оқытудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, жеке білім беру траекториясын құруға, дербес білім беруді дамытуға, білім алушылардың сабаққа қатысуы мен ынтасын арттыруға көмектеседі. Қазақстанда білім берудің тиімділігін арттыру үшін смарт білім берудің мәнін, сондай-ақ білім беру үдерісіне смарт технологияларды енгізу перспективаларын зерттеу маңызды. Мақалада «смарт білім беру» ұғымын анықтаудың теориялық және әдіснамалық тәсілдері қарастырылып, осы білім беру жүйесінің мәні ашылған, оның негізгі элементтері сипатталған. Сонымен қатар «смарт технологиялар» ұғымы, смарт технологиялардың артықшылықтары мен кемшіл тұстары, оларды оқу процесіне енгізу перспективалары сипатталған. Зерттеу мақсаты – білім беру кеңістігінде смарт технологияларды қолдануды теориялық негіздеу және педагог мамандарды даярлауда смарт технологияларды енгізу тәжірибесін өзектендіру. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді стратегиялық жоспарлау барысында шешім қабылдау үшін, сондай-ақ сипатталған смарт технологияларды жалпы, кәсіптік және қосымша білім беру ұйымдарының оқу процесіне енгізу кезінде қолдану алғышарттары қарастырылған.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 413, № 1
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP