BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN), 2025, т. 418, № 6
ТІЛ ҮЙРЕНУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аннотация · Abstract
XXI ғасырда цифрлық технологиялардың дамуы білім беру саласына, соның ішінде тіл оқыту әдістеріне елеулі өзгерістер алып келді. Жасанды интеллект (ЖИ) — тіл меңгеру үрдісін жекелеп, тиімді әрі интерактивті етуге мүмкіндік беретін жаңа құралдардың бірі. Бұл мақалада ЖИ технологиясының тілді меңгертудегі рөлі, қолдану бағыттары, артықшылықтары мен шектеулері қарастырылады. Сонымен қатар, соңғы бес жылдықта ұсынылып келе жатқан ЖИ бағдарламаларына шолу жасалып, болашаққа арналған ұсыныстар беріледі. Білім беру саласында жасанды интеллект кеңінен таралып, дәстүрлі оқыту әдістерін жаңа тәсілдермен алмастыруға алып келді. Аталған зерттеуде инновациялық технологиялардың тілдерді оқыту мен үйренудегі қазіргі заманғы рөлі қарастырылады. Онда білім беру үдерісін жетілдіру және тіл үйренущілердің тілдік дағдыларын дамыту мақсатында қолданылатын әртүрлі әдістер мен құралдар талданады. Осы саладағы көптеген зерттеулерге шолу жасалып, жасанды интеллект арқылы ұлттық тілімізді оқытудың маңыздылығы сипатталады. ЖИ бағдарламалары студенттер мен тіл үйренушілерге қазақ тілін қолданудың неғұрлым шынайы және тиімді тәсілдерін ұсынады. Бұл мақалада тіл үйрету үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың ғылыми-теориялық негіздері, әдіснамалық тәсілдері және практикалық тиімділігі қарастырылады. Сонымен қатар, еліміздегі ең маңызды платформалар мен бағдарламалардың тиімділігі ұсынылады. ЖИ-дің тіл үйренушілерге арналған бейімделген оқыту, автоматты бағалау, сөйлеуді тану, жазба тілін түзету және интерактивті жаттығуларды қалыптастыру сияқты мүмкіндіктері талданады. Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу үдерісіне енгізіліп жатқан заманауи цифрлық құралдар мен студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде ЖИ-дің тіл меңгеруге әсері талданады.
Сведения · Details
- DOI 10.32014/2025.2518-1467.1069
- Журнал · Journal BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN)
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0