Central AsianResearch Index

АУЫЛ ШАРУАШ ЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ: ШЕТЕЛ ТƏЖІРИБЕСІ

Ауыл шаруашылығы – әлемдік экономиканың маңызды саласы. Оның негізгі мақсаты – халықты азық-түлікпен, ал жеңіл және тамақ өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету. Бұл табиғи жағдайларға байланысты материалдық өндірістің жалғыз саласы. Алайда, бұл саланың әр түрлі елдер мен аудандардың экономикасындағы рөлі әр түрлі. Ауыл шаруашылығы географиясы өндіріс пен аграрлық қатынастардың ерекше әртүрлілігімен ерекшеленеді. Алайда дамыған мемлекеттерде ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік реттеу (заң актілерін шығару, олардың негізінде тиімді мемлекеттік бағдарламалар қабылдау және т.б.) және оның тарапынан қолдауынсыз мүмкін емес, осыған орай мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты мақсатқа сай тиімді жұмсауын анықтау тиімділік аудитінің басты мақсаты болып табылады. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жұмсалған бюджет қаражатының тиімділік аудитін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында шетелдік тәжірибені зерттеу қажет. Шетелдік тәжірибені зерттеу арқылы отандық тиімділік аудитін кешенді жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік бар. Берілген мақалада агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі аудитін жоғары аудит органдарының жариялаған есептері негізінде оны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері, яғни, тиімділік аудитінің мақсаты, тиімділік аудитін жүргізетін жоғары аудит органдары, тиімділік аудитінің мақсаты, негізгі нәтижелері мен тиімділік аудитінің қорытындысы бойынша жоғары аудит органдары жетілдіру ұсыныстары қарастырылған. Сонымен қатар шетелдік жоғары аудит органдарының тиімділік аудиті бойынша аудиторлық пікір қалыптастырудың негізі болып табылатын сапалық критерийлері зерттелген. Шетелдік тәжірибені зерттеу арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі аудитінің сапасын жақсарту жолдары келтірілген.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 417, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP