Central AsianResearch Index

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ

Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ математика мұғалімдерін цифрлық білім беру ортасында кәсіби даярлау мәселелері қарастырылған. Білім беруді цифрландыру заманауи педагогикалық жүйенің негізгі стратегиялық бағытына айналды. Соған сәйкес педагогикалық жоғары оқу орындарының алдында болашақ мүғалімдердің цифрлық және әдістемелік құзыреттілігін дамыту, оқыту процесін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыру міндеті тұр. Зерттеу жұмысында болашақ математика мұғалімдерін кәсіби дайындаудың мазмұны мен құрылымы айқындалып, цифрлық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері негізделген. Авторлар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6В01501-Математика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен педагогикалық эксперимент жұмысын жүргізу арқылы цифрлық білім беру платформасы мен құралдарын жүйелі қолдану студенттердің әдістемелік және кәсіби құзыреттіліктерін арттыратынын дәлелдеген. Зерттеу барысында талдау, салыстырмалы зерттеу, модельдеу, педагогикалық эксперимент және диагностикалық бақылау әдістері қолданылды. Цифрлық құралдар (GeoGebra, Moodle, BilimLand, Google Classroom, Curipod, ChatGPT) оқу процесіне кіріктіріліп, олардың тиімділігі бағаланды. Нәтижесінде эксперименттік топ студенттерінің әдістемелік және цифрлық құзыреттілік деңгейлері бақылау тобына қарағанда 26%-ға жоғарылады. Алынған нәтижелер болашақ математика мұғалімдерін дайындауда цифрлық білім беру ортасын тиімді пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерін дәлелдейді. Цифрлық технологиялар кәсіби бейімделуді жеңілдетіп, оқу мотивациясын арттырудың, рефлексия мен шығармашылық ойлауды дамытудың пәрменді құралы болып отыр.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 417, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP