Central AsianResearch Index

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ ОҚЫТУДА КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЖОБАЛЫҚ-БАҒДАРЛАНҒАН ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың сарқылуы, биологиялық әртүрліліктің азаюы сияқты сын-қатерлер білім беру жүйесін түбегейлі өзгерістерге итермелеуде. Болашақ мамандардың кәсіби әрекеті тұрақты даму қағидаттарына негізделуі үшін оқу үдерісіне инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізу қажет. Осы тұрғыда кейс-технологиялар мен жобалық-бағдарланған оқыту (Project-Based Learning – PBL) білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, олардың сыни ойлау, зерттеушілік және әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Зерттеудің мақсаты. Зерттеудің мақсаты – тұрақты дамуды оқытуда кейс-технологиялар мен жобалық-бағдарланған оқытудың (Project-Based Learning – PBL) тиімділігін бағалау, олардың білім алушылардың тұрақты даму құзыреттерін (SDG хабардарлығы, экологиялық жауапкершілік, сыни ойлау қабілеті) дамытудағы рөлін анықтау.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 417, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP