Central AsianResearch Index

4К МОДЕЛІНІҢ НЕГІЗІНДЕ АЙТЫЛЫМ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: 10–11 СЫНЫПТАР АРАСЫНДАҒЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ

Мақалада орта білім беру ұйымдарының жоғары сыныптарында оқушылардың қатысымдық дағдыларын айтылым әрекеті арқылы дамыту мәселесі қарастырылады. 4К моделі (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация) негізінде ұсынылған педагогикалық тәсілдер оқушылардың тілдік белсенділігін, ой еркіндігін және бірлескен әрекетке икемін арттыруға бағытталған. Зерттеу барысында педагогикалық байқау, оқу барысын талдау, оқушылардың тілдік өнімдерін сараптау, диагностикалық әңгімелесу және сапалық сипаттамаларға негізделген салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, айтылымға негізделген 4К тапсырмалары оқушылардың қатысымдық икемін дамытуға оң әсер етті. Мақалада нақты мәліметтерге сүйене отырып, тиімді әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 417, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP