ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫН БАҒАЛАУ
ХХІ ғасырда химия білім беру саласында айтарлықтай жылдам даму байқалды. Әртүрлі елдердің білім беру жүйелерін халықаралық стандарттарға сәйкес салыстыру білім сапасын арттыру үшін құнды мәліметтер ұсына алады. Бұл зерттеудің мақсаты - Қазақстан мен Түркияның педагогикалық жоғары оқу орындарындағы химия мұғалімдерін даярлау бакалавриат білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларын салыстырып, олардың айырмашылықтарын анықтау. Сонымен қатар, Қазақстанның жоғары оқу орындарында (ЖОО) химия мұғалімдерін даярлау бакалавриат білім беру бағдарламаларын жетілдіруге арналған ұсыныстар беру болып табылады. Мақалада білім берудегі салыстырмалы әдіс қолданылып, жинақталған ақпараттарды талдай отырып сауалнама сұрақтары құралып Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің 3 курс студенттерінен Google Form платформасы арқылы сауалнама алынды. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, Түркияның ЖОО-ның химия мұғалімдерін даярлау бакалавриат білім беру бағдарламасы (БББ) үшін әзірленген оқу жоспарларын негізге ала отырып Қазақстанның Педагогикалық ЖОО-ның химия мұғалімдерін даярлау бакалавриат БББ оқытуда қолданылатын оқу жоспарларының пәндер каталогын және пәндерді меңгеруге бөлінетін академиялық кредит сандарын сәйкестендіру ұсынылды. Мақаланың негізгі бөлімдеріне: Қазақстан Республикасындағы кездейсоқ таңдалған 3 ЖОО-ғы химия мұғалімдерін даярлау мамандығы үшін әзірленген оқу жоспарларын талдау; Түркия Республикасындағы кездейсоқ таңдалған 3 ЖОО-ғы химия мұғалімдерін даярлау мамандығы үшін әзірленген оқу жоспарларын талдау; Қазақстан Республикасының «6В01507/6В01504/6В01510 – Химия» және Түркия Республикасының «2330.09 - Химия пәнінің мұғалімі - Орта білім» мамандығына әзірленген оқу жоспарларын салыстыру бөлімдері жатады. Кәсіби білікті мамандарды дайындау үшін біріңғай, сапалы құрастырылған оқу жоспарын Қазақстан Республикасының ЖОО қолдану керек сол себепті де бұл зерттеу жұмысы маңызды болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 417, № 5
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP