Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КВАНТТЫҚ ОПТИКА БОЙЫНША БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР МЕН ТАЛДАУ

Кванттық оптика – қазіргі физиканың қарқынды дамып келе жатқан және технологиялық инновациялармен тығыз байланысты маңызды салаларының бірі. Бұл бөлімді сапалы меңгеру болашақ физика мұғалімдерінің ғылыми-теориялық дайындығын арттырып қана қоймай, олардың күрделі физикалық ұғымдарды түсіндіру және оқушылардың ғылыми сауаттылығын дамыту қабілетін қалыптастырады. Осы мақалада болашақ физика мұғалімдерінің кванттық оптика бойынша білім деңгейін анықтауға бағытталған зерттеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеу мақсаты – студенттердің теориялық және тәжірибелік мазмұндағы кванттық ұғымдарды меңгеру деңгейін, жауаптарындағы сенімділік дәрежесін және жыныстық айырмашылықтар ықпалын талдау арқылы оқу процесінің тиімділігін бағалау. Зерттеуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 136 студенті қатысты. Бағалау құралы ретінде екі деңгейлі, сенімділік бағамы енгізілген 13 тапсырмадан тұратын тест қолданылды. Нәтижелер студенттердің тәжірибелік сипаттағы сұрақтарды теориялық сұрақтарға қарағанда жақсы меңгеретінін, жауаптардағы сенімділік пен нақты білім арасында статистикалық тұрғыда маңызды оң корреляция бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, әйел студенттердің орташа жетістігі ер студенттермен салыстырғанда жоғары болып шықты, бұл фактордың оқу нәтижелеріне ықпалын көрсетеді. Зерттеу қорытындысы кванттық оптика сияқты күрделі бөлімдерді оқытуда визуализация, практикалық контекст және метатанымдық бағалау құралдарының рөлін күшейту қажеттігін айғақтайды. Мақала нәтижелері оқу бағдарламаларын жетілдіру және пәнге бағдарланған педагогикалық стратегияларды әзірлеу үшін теориялық және эмпирикалық негіз бола алады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 417, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP