Central AsianResearch Index

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

Мақалада Қазақстанның қазіргі ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды енгізу шарттары қарастырылады. Ауыл шаруашылығы кешенінің цифрландыру тиімділігіне ең көп әсер ететін Қазақстан АӨК-нің ерекшеліктері талданған. Цифрлық аспект аясында агроөнеркәсіп секторының инновациялық дамуын реттейтін стратегиялық құжаттар талдау негізінде жағдайды сипаттайтын қорытындылар жасалды: ауыл шаруашылығының цифрлық болашағына ғылыми негізделген кешенді көзқарас жоқ; цифрландыру процестерін реттеу нақты жағдайдан алшақ жатыр, өйткені шаруашылық субъектілерінде өндірістік процесті қамтамасыз етуді сақтауға ғана қаржы жеткілікті. Ауыл шаруашылығындағы болжамды цифрлық сценарийді іске асыруды талдау «цифрлық технологиялар» мен «ауыл шаруашылығы» ұғымдарын экономикалық-басқарушылық категориялар ретінде салыстыруға мүмкіндік берді. «Цифрлық ауыл шаруашылығы» атты салалық жобаның іске асуын бағалау Қазақстандің агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық сценарийдің дәйекті дамып келе жатқанын көрсетті. Жұмыстың қорытындысы – Қазақстан ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу проблемаларын анықтау: ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету мен сату үшін бірыңғай кешенді платформа жоқ; шаруашылық субъектісі үшін цифрлық сценарийді жүзеге асыру оның барлық әлеуметтік-экономикалық, техникалық, аумақтық және басқа да ерекшеліктерін ескеруді талап етеді; ғылыми институттармен тікелей байланыстар жоқ; шаруашылық субъектілері мен олардың басшылары цифрлық процестерді іске асыруға дайын емес, өйткені қаржылық мүмкіндіктері, кадрлық ресурстары, басшылардың цифрлық құзыреттері және компаниялардың цифрлық болашағына айқын көзқарасы жоқ. Экономиканың барлық салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында да цифрлық технологияларды енгізу цифрландыруды өмір сүру сапасын және бизнесті жүргізу шарттарын жақсартатын негізгі қозғаушы күштердің бірі ретінде танытты. Ауыл шаруашылығын цифрландырудың артықшылықтары – өнім сапасын жақсарту, өндірісті басқарудың жеделдігін арттыру, экологиялық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, еңбек өнімділігін, бәсекеге қабілеттілікті және өндіріс тиімділігін арттыру. Саладағы өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігі индекстерінің соңғы бес жылдағы динамикасын талдау өсім үрдісін көрсетті, бұл, сөзсіз, цифрлық технологияларды енгізудің әсерімен байланысты. Алайда экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда, ауыл шаруашылығындағы цифрлық трансформация процесі баяу қарқынмен сипатталады. Бұл бірнеше тежеуші факторларға байланысты: цифрлық трансформацияны кешенді түрде жүзеге асыруда бірыңғай теориялық-әдістемелік негіздің болмауы; өңірлік теңсіздік (аймақтық ерекшеліктер); саланы цифрландыруға арналған қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі; цифрлық агротехнологияларды енгізу және пайдалану саласындағы білікті мамандардың тапшылығы; импорттық технологияларға тәуелділіктің жоғары болуы; ауылдық жерлерде цифрлық инфрақұрылымның төмен деңгейде дамуы; саяси және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы және басқа да факторлар. Осыған байланысты ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялау үдерісіне мемлекеттік қолдау көрсету ерекше маңызға ие. Бұл қолдаудың негізгі бағыттары аталған саланы 2030 жылға дейін цифрландырудың стратегиялық даму жоспарында белгіленген.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 416, № 4
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP